ДИКТОР: Наурыз мерекесін тойлауға арналған мерекелік шаралар легі де қыза түскен. Сенбі күні Көкшетаудағы техникалық мектеп-лицейі Наурыз мерекесін ерекше көңіл күймен атап өтті. «Армысың Әз Наурыз» атты мерекелік бағдарламада концерттік қойылымдармен қатар түрлі спорт ойындары, салт-дәстүрлер де көрсетілді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Күннің суықтығына қарамастан мектеп ұжымы да, жиналған халық та бұл күнді жылы атмосферада қарсы алды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған мерекелік бағдарлама балалар мен ата-аналарға керемет көңіл күй сыйлап, демалыс күніне ерекше рең берді.

СНХ: ТІЛЕГЕН АМАНГЕЛДІҰЛЫ, ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Наурыз мейрамын бірінші рет мектебіміздің алаңында тойлап жатырмыз ұлттық мерекемізді. Қазіргі кезде концерттік іс-шаралар өтіп жатыр. Одан әрі қарай спорттық ойындар, мына жақта мерекелік кеш өтіп жатыр, киіз үйлер құрылды. Бірге сол ұжыммен, Сарыарқа шағын ауданына Наурыз мейрамын жасайық деп ертерек міне сенбі күнді таңдап отырмыз. Әдейі барлығы үйде,келсін демалсын деп жасап жатқан мереке.

РКС:Бастауыш сыныптар, гуманитарлық бағыт пен математикалық бағыттардың бастауымен үш киіз үй тігіліп, әрқайсысы жеке ауылдың атынан түрлі дәстүр көрсетті. Әр ауылдың үлкендері дастархан басында күмбірлетіп күй ойнап, ән салды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ЖОМАРТ БОРАНБАЙ, ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Мынау біздің киіз үйіміз Біржан сал ауылы деп аталады. Киіз үйдің ерекшелігі тағамдардың әртүрлілігімен және мынау рәсімделуімен ерекшеленеді. Осы Наурыз мерекесіне біз беташар салт-дәстүрін көрсеттік. Мерекелік көңіл-күйіміз тамаша. Еліміз тыныш, басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын.

СНХ: ТӨЛЕГЕН ОМАРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бүгін міне "Әз Наурыз " мейрамын ұйымдастырып жатыр. Өте тамаша міне. Барлығын ұйымдастырып, бүкіл оқушылар, ата-аналар бәрі келіп, қазағымыздың салтын сақтап, шашу шашып, сондай бәрін ұйымдастырды. Өте жақсы, қуаныштымын.

РКС:Мерекелік бағдарламаның соңы спорттық ойындармен жалғасты. Жілік сындыру, асық ату, таяқ тарту, қазақша күрес, гір көтеру сияқты түрлі ойындарға оқушылар мен қонақтар белсене атсалысып қатысты. Әр спорт түрінен жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.

ИНТЕРШУМ:

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ