ДИКТОР: Ескінің жаңарып, жаңаның жандануына әсер ететін сән үлгісі кез-келген қыз біткеннің арманы. Көкшетауда алғаш рет Наурыз мерекесіне орай қалалық «Ұлттық киімдер – халық даналығы» атты ұлттық киімдердің дефиле-байқауы өтті. Қазіргі сән үлгісіндегі ұлттық киімдерді мектеп оқушылары үлкен сахна төріне алып шықты.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Байқауға 10-ға жуық қыз қатысып, ұлттық нақыштағы заманауи киім үлгілерін көпшілікке таныстырды. Бойжеткендер кәжекей, қамзол, бешпент, көйлек, тақияларын киіп, сәндік әшекейлерін тағып, көрерменнің зор ықыласына бөленді. Киімнің тарихы мен тігілу техникасы жайлы мағлұмат берілді. Ұлттық киімдер қазақ дәстүріне сәйкестігі, дайындау шеберлігі мен шығармашылық көзқарас тұрғысынан бағаланды. Мектеп оқушылары дәстүрлі ою-өрнектерді, нақыштарды және басқа да атрибуттарды заманауи стильмен үйлестіре отырып пайдаланған.
СНХ: ЕРЛАН ЗАКИРЬЯНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘКЕЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Ұлттық киімді насихаттау, дизайн жағынан қарап, соның барлығын қарап, тамашалап, келешекте жастарымызға, балаларымызға замануи, заманға сай ертең жастарымыз мақтан етіп киетіндей мақсатта осынжай кереметіс-шара ұйымдыстырып отырмыз. Болашақта бұндай шара, облыстық, республикалық деңгейде өтетін іс-шараға айналады деген сенімдеміз.
РКС: Ұлттық киімдердегі ою-өрнек пен нақышқа, авторлық болуына үлкен мән берілді. Талғампаз көрерменге қазақ әлемінің сәндік киімдері жаңа үлгіде ұсынылды. Ұлттық дизайнда киім үлгісін ұсынып, сән әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалдырғысы келетін жас дизайнерлер де өз қолдарынан шыққан киім үлгісін көпшілік назарына ұсынды. Әр қатысушының ұсынған киім үлгісі бір-біріне ұқсамайды.
СНХ: ДИЛЬНАРА БАЕТОВА, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ: Бүгінгі менің образым, Томирис патшайымның заманауи стильдегі образын жасадым. Осы образ өзіме қатты ұнайды. Себебі, нәзіктік пен ержүректіліктің үйлесімі деп санаймын. Және де, қазіргі таңда жастарымыздың ұлттық нақыштағы киімдерді күнделікті өмірде киіп жүруі маған өте қуанышты жайт деп айта аламын.
РКС: Сән әлеміне қадам басқалы отырған қыздардың ұлттық киімдерінен қазақ қызына тән сымбаттылық пен нәзіктікті бірден байқауға болады. Тіптен өздерінің төл туындыларын көрерменге таныстыруда да алдарына жан салмады. Байқау қорытындысы бойынша Наргиз Мақажанова «Дәстүрлер жалғасы» номинациясы, Алинұр Мұқышева «Сұлулық пен әсемділік үйлесімі» және «Үздік дизайн» номинациясы бойынша Әмина Тоқсанбаева марапатталды. Сақ патшайымы Томиристің образын ұсынған, нөмірі 6 мектеп–лицейінің оқушысы Дильнара Баяетова байқаудың жеңімпазы атанды. 1-ші орынды Инайя Молдабаева, 2-ші орынды Медина Ғазизова, ал 3-ші орынды Әмина Игенбай иеленді.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ