ДИКТОР: Көкшетау қаласының аумағында Қылшақты өзені мен Қопа көлі орналасқан. Сондай-ақ Красный Яр ауылдық округі арқылы Шағалалы өзені де ағып жатыр. Осылардан қауіп бар,-дейді мамандар. Шаһар су тасқынының алдын алуға қалай дайындалып жатыр? Тілші баяндасын.

РКС: Биыл Көкшетау қаласында көктем мезгіліне дайындық аясында су тасқынының алдын алу шараларын өткізу үшін «Көкше Тазалық» серіктестігімен келісім-шарт жасалған. Бұл кезеңде 60-тан астам техника жұмыс істейді. Бұдан бөлек 17 арнайы техника жұмылдырылмақ. Жылжымалы 18 мотопомпа дайын.

СНХ: АҚЖОЛ ҚЫЛЫШБАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Үйінді бөгетті ұлғайту және нығайтуға қатысты жұмыстар жүргізілді. Жангелдинов көшесінің бойынан автокөлік көпірінен Мичурин көшесіне дейін, Қылшақты өзенінің бойынан «Қисық көпірден» Әшімов көшесінің бойындағы автокөлік көпіріне дейін екі жағынан да. Абай көшесінің бойындағы автокөлік көпірінен Әуезов көшесіндегі көпірге дейін тұрғын үйлердің бойындағы сол жақ нығайтылды. Сүлейменов көшесіндегі көпірден Ғабдуллин көшесіндегі көпірдің екі жағы. Дәл осы учаскеде Шадияр дүкенінен Тілеулин көшесіне дейін бөгетті нығайту жұмыстары жүргізілуде. Абай көшесіндегі автокөлік көпірінен Сүлейменов көшесінің оң жағындағы тұрғын үйлердің бойындағы көпірге дейін нығайтылды. Застанционный поселкесіндегі Көктерек көшесінен №6-шы мекемеге дейін. Омбыға шығатын автокөлік жолынан Бірлік шағын ауданының бойымен үйінді бөгет тұрғызу жұмыстары жүргізілді.

РКС: Қылшақты өзенін тазарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытқа дейін 4 шақырымы тазартылды. «Қазсушаруашылығы» филиалының басшылығымен Шағалалы су қоймасынан суды жоғарлы босату туралы келісім-шарт жасалды.

СНХ: АҚЖОЛ ҚЫЛЫШБАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Қазгидромет» республикалық кәсіпорны Ақмола филиалының мәліметтері бойынша Көкшетау қаласының солтүстік бөлігінде топырақтың ылғалдылығы нормадан төмен. Жақын аумақтарда топырақтың тоңдану тереңдігі 22-ден 100 сантиметрге дейін. Облыс аумағының басым бөлігінде топырақтың тоңдану тереңдігі былтырғы мөлшерден төмен. Әсіресе Зеренді ауданында тоңдану тереңдігі артқан. Ұзақмерзімді ауа райы болжамына сәйкес екінші онкүндікте ауа температурасы түнде 4 градус суықтан 10-15-ке дейін жетсе, күндіз 2-7 градус жылы болады. Облыстың солтүстігінде 12 градус жылыдан 2 градусқа дейін төмендейді. Үшінші онкүндікте түнде сынап бағанасы 10-15 градус суықтықты көрсетеді. Күндіз 2 градус жылы болады. Одан соң күн біртіндеп жылына бастайды. Күндіз 11 градусқа дейін жылы, аймақтың оңтүістік-шығысында 15 градусқа дейін көтеріледі. Айдың соңында күн тағы да суытады. Түнде 5 градусқа дейін салқын, күндіз 2 градус жылы болады.

РКС: Мамандар қыс бойы жауған қардың мөлшерін, топырақтың тоңдану тереңдігі мен ылғалдылығын ескере отырып талдау жүргізді. Оның қорытындысына сәйкес Көкшетау су тасқыны жағдайының туындауы орташа қауіпте деген болжам бар.

ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ