ДИКТОР: Жас психологтардың «Сезім» волонтерлік қозғалысында 35 жас жұмыс істейді. Олардың дені қаладағы колледждер мен жоғары оқу орындардағы психология факультетінің студенттері. Олар жастарды қолдауда, көмек көрсету бағытында түрлі шараны ұйымдастырып келеді.
РКС: Бүгін волонтерлер қозғалысы «SezimFest» шарасын өткізді. Оған 20-дан астам жас қатысты. Шара барысында қатысушылар «Лодка», «Куб», «Коммуникация» мен «Креативность» секцияларына бөлініп, топта жұмыс істеу дағдыларын арттырды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: САРА ЖАСБАРИ, ПРАКТИК-ПСИХОЛОГ: Қозғалысты ашудағы басты мақсаты азаматтар арасында психологиялық денсаулық туралы хабардар ету, сондай-ақ оған жастарды тарту. Мұның бәрі түрлі тренингтер, шебер-сағаттар мен тақырыптық дәрістер өткізу арқылы өзімізді және қоршаған адамдармен не болып жатқанын түсінудің қаншалықты маңызды екені туралы хабардар болу және оны тарату маңызды екенін түсіндік.
РКС: Бүгінгі шарада олар таныстыру тренингін өткізіп, жастармен өз тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, қозғалыс туралы да ақпарат берді. Шараға қатысушылар бір-бірімен танысып, түрлі тапсырмалар орындады.
СНХ: АЛДИЯР СЕРІК, ВОЛОНТЕР: «Сезім» жас психологтардың волонтерлік қозғалысы. Бұл жоба жаңадан қолға алынды. Дегенмен, бар күшімізді салып жатырмыз. Мысалы, бүгін өтіп жатқан «SezimFest» біздің алғашқы бастамалардың бірі. Оны басынан аяғына дейін өзіміз ұйымдастырып шықтық. Ол бізге жаңа белестерді өтуге мүмкіндік береді. Өзіміз іс-шараларын ұйымдастырамыз, жобаларға қатысамыз, жаңа достарымызды табамыз. Алдағы уақытта «Сезім» бізге көп мүмкіндік бергенімен, өзіміз әрі қарай дамытып, оны жаңа деңгейге шығаруды жоспарлап отырмыз.
РКС: «Сезім» волонтерлік қозғалысының мүшелері алдағы уақытта өңірдің әр ауданында филиалдар ашуды көздеп отыр. Сондай-ақ, қалааралық, халықаралық деңгейде өтетін фестивальдерге қатысу да ойда бар,-дейді олар.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.