ДИКТОР: «Аманат» партиясы Ақмола облыстық филиалында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары азаматтарды қабылдады. Шара барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайлы айтылды. Күн тәртібінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша заң жобаларын талқылау және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылды.

РКС: Заң жобасы тұрғындарға өз үйін кім және қалай басқаратынына таңдау мүмкіндігін береді. Осы мақсатта екі негізгі нұсқа ұсынылады: меншік иелерінің бірлестігі және тікелей бірлескен басқару. Бұл ретте жай серіктестіктер жойылмай, әрі қарай жұмыс істейді. Бірақ бірлескен басқару тұжырымдамасына біріктіріледі. Пәтер иелері басқару әдісін еркін таңдай алады. Тұрғындар жиналыс ұйымдастырмаса, үй автоматты түрде «иесіз» болып есептеледі және жергілікті билік уақытша басқарушыны тағайындай алады.

СНХ: ЕКАТЕРИНА СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІСІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Парламент Мәжілісінде жұмыс тобы заңға өзгертулер енгізу жобасын әзірлеуде, оны реформа деп атағым келмейді, өйткені негізгі реформа 2019 жылы болды. Менің ойымша, таза кәсіби тұрғыдан алғанда, ең үлкен қателік неде болды - бірнеше онжылдық кооперативтік қызмет өзгеше жұмыс істеді. Біз үйдің өзінде кондоминиуммен байланысты жоғалттық. Тұрғын үй кооперативтері жай ғана үйлерге сырттан қарайтын басқарушы компания, яғни коммерциялық компания қызметін атқара бастады.

РКС: Түзетулерге сәйкес, пәтер иелерінің кооперативтері бұдан былай дербес басқару нысаны болмайды. Енді олар аумақты тазарту және лифтілерді пайдалану сияқты ортақ мәселелерді шешу үшін бірнеше ғимаратты біріктіретін кәсіпкерлік субъектілері ретінде қарастырылатын болады. Барлық пәтер иелері кооперативтері міндетті түрде қайта тіркеуден өтіп, жаңа жарғылар алып, коммерциялық емес ұйым шеңберінде жұмыс істеуі керек. Мұндай кооперативтердің кірістерін өзара бөлуге болмайды және олар кәсіпкерлік қажеттіліктерге жұмсалуы керек.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ