ДИКТОР: Өткен жылдары Степногорск қаласында төтенше жағдайлар мен су тасқыны орын алған жоқ. Десе де сақтық та қорлық жоқ. Жергілікті билік тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылдауда. Биыл су тасқыны кезеңіне дайындық қызу.
РКС: Биыл су тасқынының ықтимал салдарын болдырмау үшін 220 тонна инертті материал, 10 мың қап, сондай-ақ 10 тонна жанар-жағармай дайындалды. Сілеті өзенінің арнасынан 500 метр қашықтықта орналасқан Изобильное ауылы су тасқыны қаупі бар елді мекен. Онда 512 адам тұрады.
СНХ: ҚАБДОЛЛА ОРЫНБАСАРОВ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Осы елді мекенде электрдабыл орнатылған. Су тасқыны қиындай қалған жағдайда халықты қорғау үшін эвакуациялық 5 пункт жасақталды. Төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға қалалық бюджеттен 34,6 миллион теңге көлемінде қаражат көзделген. Төтенше резервте 15 миллион теңге.
РКС: Қысқы кезеңде елді мекендерден 160 мың тонна текше метр қар шығарылды. Степногорскідегі автомобиль жолдарының ұзындығы 246 шақырым, онда 204 су өткізу құрылысы орналасқан. Олардың барлығы тазартылды, су тасқыны кезеңінде жол қызметі қосымша тексеру мен тазарту жүргізеді.
СНХ: ҚАБДОЛЛА ОРЫНБАСАРОВ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Көктемгі су тасқыны кезеңінде жедел әрекет ету үшін жеке құрамның 124 қызметкері 55 арнайы инженерлік және қосалқы техника жасақталды. Олар қаланың азаматтық қорғанысын қалыптастыру және қызметтердің күштері мен құралдарын топтастыру үшін дайын тұр.
РКС: Айта кетейік, қазір көктемгі су тасқынын жоюға жедел әрекет ету жөніндегі штаб өз жұмысын бастады. Ол су тасқыны кезеңі аяқталғанға дейін күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылады.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ