ДИКТОР: Ақмола облысында әр бағытта өнерімен ерекшеленіп жүрген шығармашыл және талантты жандар өте көп. Әсіресе баланы жастайынан өнерге баулуға ерекше мән беріледі. Олардың арасында халықаралық фестивальдар мен байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері де бар.

РКС: Өңірде 500-ге жуық хореографиялық ұжым бар. Олардың арасында облыстық "Көкшетау" мәдениет сарайы жанындағы "Полянка" ансамблін атап өтуге болады. Үлгілі хореографиялық ұжым 1992 жылдан бері жұмыс істейді. Онда 5-тен 17 жасқа дейінгі қыздар би өнерінің қыр-сырын меңгеруде. Олар жас ерекшеліктеріне сәйкес 4 топқа бөлінеді. Ансамбль - өңірде өтіп жатқан мәдени-бұқаралық іс-шаралардың тұрақты қатысушысы. Сонымен қатар халықаралық байқаулар мен фестивальдердің жеңімпазы.

СНХ: ВИКТОРИЯ СЕМЕНОВА, "ПОЛЯНКА" ҮЛГІЛІ ХОРЕОГРАФИЯЛЫҚ ҰЖЫМЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Қазан айында ұжыммен бірге Сочи қаласына "Сочи жүрегі" халықаралық байқауына бардық. Онда біздің команданың үлкен құрамы барып, I және II дәрежелі лауреаттар атандық. Содан кейін біздің ең кішкентай құрам, Сочи қаласында өткен Level up жабық байқауында болды, тек басқа жерінде, Роза-хуторда болды. Онда біздің кішкентай балаларымыз да I және II дәрежелі лауреаттар атанды. Содан кейін Санкт-Петербург қаласында ақпан айында жабық гранттық байқау өтті. Жабық байқау - бұл ең мықты ұжымдар іріктелетін байқау. Біздің ұжым сол жерге шақырылды.

РКС: Облыс бойынша 1400-ге жуық үйірме жұмыс істейді. Оған 22,5 мыңдай бала қатысады. Оның ішінде мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бойынша 8 мыңға тарта жас ақмолалықты қамтитын 220 үйірме жұмыс істейді. Сонымен қатар, өңірде шығармашылық индустрия да дамып келеді.

СНХ: ӘНУАР АЙТЫМОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Мемлекет басшысының креативті индустрияны қолдау шараларының жекелеген пакетін әзірлеу жөніндегі тапсырмасына сәйкес Ақмола облысының мәдениет басқармасы креативті индустриялар субъектілерінің картасы мен тізімін жасау бойынша жұмыс жүргізуде. Жыл бойы осы бағыттың өкілдері үшін өнімдер мен қызметтерді коммерцияландыру бойынша оқыту семинар-тренингтері, сонымен қатар біздің аймақтың әр ауданында және қаласында шығармашылық орталықтар мен хабтар құру жоспарлануда. Бүгінде мұндай орталық Көкшетау қаласындағы этно-шеберханалы Салтанат сарайында бар

РКС: Биыл Зеренді ауылындағы тарихи-өлкетану мұражайының жанынан шығармашылық хаб құру жоспарланып отыр. Онда сәулет, дизайн, туристік жобалар, фотосуреттер, бейне және аудиомазмұн, компьютерлік ойындар, қолданбалы өнер туындылары, ойын және анимациялық фильмдер жасайтын резиденттер орналастырылады.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.