ДИКТОР:Бурабайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың 4-ші отырысы өтті. Жиын барысында құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге тоқталып, өз ұсыныстарын ортаға салды. Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.
STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Жиын барысында құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге тоқталып, өз ұсыныстарын ортаға салды. Мәселен, салық реформасы -қоғамдағы ең көп талқыланған мәселелердің бірі. Қолданбалы экономика зерттеулері орталығының ғылыми жетекшісі Жақсыбек Құлекеев бұл өзгерістер елдің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға бағытталғанымен, халыққа түсінікті ақпарат берілуі қажет.Қазақстан азаматтарының бәрі бірдей экономист немесе қаржыгер емес, сондықтан салық жүйесіндегі өзгерістер туралы қарапайым, түсінікті тілде ақпарат тарату маңызды,- деді ол.
СНХ: ЖАҚСЫБЕК ҚҰЛЕКЕЕВ, ҚОЛДАНБАЛЫ ЭКОНОМИКА ЗЕРТТЕУЛЕРІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІСІ, ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕСІ:
РКС: Өз кезегінде мемлекет басшысы бұл реформа мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету және әлеуметтік міндеттемелерді орындау үшін қажет екенін атап өтті.Оның айтуынша, бюджет қаражатының жартысынан көбі әлеуметтік салаларға жұмсалады. Сондықтан салық саясатын оңтайландыру – елдің дамуы үшін маңызды қадам. Президент Үкіметке осы жылдың соңына дейін салық саясатын оңтайландыру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Реформаның басты бағыттары – қосымша құн салығы мөлшерлемесін кезең-кезеңімен арттыру, бюджетті оңтайландыру және басымдық берілмеген жобаларға бөлінетін қаржыны қысқарту, әлеуметтік көмекті тек мұқтаж азаматтарға бағыттау, экономикалық тұрақтылықты сақтау үшін бизнеске жүктемені әділ үлестіру.
СНХ:ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
РКС: Мұнымен өзектесіп жатқан тағы бір мәселе – елдегі діни ахуал. Мемлекет басшысы теріс ағымдарға, қазақтың болмысына жат идеологияларға тосқауыл қою қажет екендігін атап өтті.
СНХ:ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Елімізде дін бостандығына кепілдік берілген. Бірақ жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке жол беруге болмайды. Діннің аса маңызды миссиясы – ұлтты ұйыстыру. Діни ұйымдардың қызметін реттейтін құжаттар осы талапқа сай болуға тиіс. Бұл мәселені жан-жақты қарау керек. Соның ішінде заңнаманы жаңа жағдайға бейімдеп отыру өте маңызды
РКС:Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Щучинск-Бурабай курорттық аймағының инфрақұрылымын дамыту маңызды екенін атап өтті. Ол барлық экологиялық талаптардың қатаң сақталуын және туристерге көрсетілетін қызмет сапасының халықаралық стандарттарға сай болуын тапсырды.
СНХ:ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
РКС:Тарихымызда ұлт тағдырын айқындаған құрылтайлар аз емес. Құрылтай шақырту – сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан ата дәстүріміз. Адалдықты ту еткен бабаларымыз кез-келген маңызды мәселелерді осындай алқалы жиындарда талқылап, дұрыс шешім қабылдап отырған. Әйгілі Қасым хан – Сарайшықта, Абылай хан – Бурабайда ордасын тіккені белгілі. Міне, дәл осы себеппен биылғы Ұлттық Құрылтайдың төртінші отырысы да осы тарихи мекенде өтті. Тарихымызды түгендеп, болашаққа нық қадам басу – бүгінгі Құрылтайдың басты мақсаты.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ