ДИКТОР: Бүгінгі көрісу күніне орай орталық қалалық кітапханада "Наурызым - дәстүрлі ізгілігім" атты әдеби сазды қонақжай шарасы өтті. Ерекше кеш Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет ғұрпымызбен байланыстыра отырып насихаттап, ұрпақтың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыруды көздейді.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Іс-шарада кітапхана қызметкерлері келген қонақтарды амал мерекесімен құттықтады. Қазақ жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттеріне Көрісу мерекесінің маңызы, жалпы Наурыз мейрамының тарихы туралы қызықты ақпарат берілді.
СНХ: НАЗЫГҮЛ БОПАШЕВА, ҚАЗАҚ ЖОҒАРЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Осы жерде біз көптеген салт-дәстүрлерімізді дәріптеп, көрісу мерекесіне орай, түрлі көріністер көріп, одан бөлек түрлі сайыстарды көріп жатырмыз. Мереке арқылы көптеген нәрсеге ой түйдік. Яғни әр салт-дәстүрімізді, мерекемізді атап өту және ұмытпау әрі қарай дәріптеу деген секілді ой түйдік.
РКС: Кітапхананың тұрақты оқырманы Зейни Бекішева адыраспанмен аластаудың мағынасын, бесікке бөлеудің қыр-сырын түсіндірді. Бұдан бөлек меркенің ең айшықты тағамы, қазақтың ерекше дәм-тұзы - Наурыз көже дайындалып, келген қонақтар дәм татты.
СНХ: ЖАНАРГҮЛ ӘБДІРАХМАНОВА, КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРІ: Наурыз көже Ұлыстың Ұлы күні әзірленген қасиетті тағам. Бұл көже ежелден молшылық пен мерекенің нышаны ретінде әр шақырақта дайындалу керек. Наурыз көже жеті түрлі дәннен жасалады. Ол: сүт, сүр ет, тары, айран,май, тұз және құрт
РКС: Шара барысында салт-дәстүрлерден бөлек, ұлттық ойындар да ойнатылды. Студенттермен сұрақ-жауап сайысы, мақал мәтелдер жарысы өтті. Күмбірлеген күй ойналып, "Гүлдер-ай" ансамблі мүшелерінің орындауында әсем ән де шырқалды.
ИНТЕРШУМ:
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ