ДИКТОР: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде "EcoCollaboration"атты экологиялық клуб жұмыс істейді. Оған "Экология" білім беру бағдарламасының 40-қа жуық студенті қатысады. Бірлестіктің мақсаты-эко-сананы, экомәдениетті арттыру және қазіргі заманның экологиялық проблемаларына және оларды шешуге назар аудару.

РКС:Виртуалды цифрлық зертхана-мұнда студенттер гидросфера, биосфера, биологиялық әртүрлілікті зерттей алады. VR көзілдірігі арқылы жер шарының бүкіл континентін көруге болады: өсімдіктер, жануарлар және бағдарламада ұсынылған басқа да көптеген қызықты фрагменттер. Студенттер қоршаған орта параметрлерін бақылау және зерттеу үшін бірқатар электронды сенсорлардан тұратын білім беру жиынтықтарын пайдаланады. Олардың көмегімен бақылау кешені, сондай-ақ антропогендік және табиғи факторлардың әсерін бағалау жүргізіледі.

СНХ: КРИСТИНА БЕНЕВСКАЯ, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргіземіз, биоиндикациялық және физика-химиялық әдістерді пайдалана отырып, топырақтың, су айдындарының және атмосфералық ауаның жай-күйін талдаумен айналысамыз. Сонымен қатар экскурсияға барамыз, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін анықтау үшін қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарына барамыз.

СНХ: АЛТЫН МОНТАЙ, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Тәжірибе мен білімді бізге жоғары курс студенттері мен біздің сүйікті оқытушыларымыз беретіні қуантады, олар бізді игі істер мен іс-әрекеттерге жетелейді.

РКС: Пікірлес адамдар тобындағы жұмыс табиғатты қорғауға, өз күштеріне деген сенімділікті арттыруға және маңызды іске қатысу сезімін арттыруға бағытталған. Клуб студенттері мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізеді және экологиялық акциялар мен сенбіліктерге қатысады.

СНХ: ТАТЬЯНА КАРНАУХОВА, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЛЕКТОРЫ: Қазіргі уақытта экологиялық проблемалардың, оның ішінде біздің өңірдегі проблемалардың саны өте көп. Оларды шешу мақсатында экоклуб құрылды. Ол ұзақ уақыт бойы тұрақты негізде әрекет етеді. Біз өңіріміздің жұмыс берушілерімен серіктестікте жұмыс істейміз, сондай-ақ кәсіпорындарда орын алған негізгі проблемаларға назар аударамыз. Біз оларды клуб мүшелері арасында анықтауға тырысамыз.

РКС: Айта кетейік,клуб жыл сайын дөңгелек үстелдер, экологиялық идеялар көрмелерін өткізеді. Ғылыми-зерттеу қызметімен айналысады. сондай-ақ ғылыми жобалар конкурстарына белсенді қатысады. Сонымен қатар, клуб мүшелері ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, үнемі сөз сөйлейді.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.