ДИКТОР: Көкшетау қалалық ақпараттық кітапханалар жүйесіне қарасты зағип және нашар көретін азаматтардың арнаулы қалалық кітапханасы "Ұстаз - ұлағатты есім" атты іс-шара өткізді. "Жанға шипа, көңілге медет кітаптар" жобасының аясында өткен кездесу Журналистер Одағының мүшесі, еңбек ардагері, ұлағатты ұстаз, қазақ зағиптар қоғамының мүшесі Орал Рахимовқа арналды.
РКС: Орал Қабыкенұлы Зеренді ауданы, Дөңгілағаш ауылының тумасы. Жоғарғы оқу орнын 1976 жылы аяқтап, еңбек жолын физика пәнінің мұғалімі болып бастады. Кейін бірнеше жыл мектеп директоры лауазымын атқарады. Білім беру саласында 52 жыл еңбек сіңірген ол "Білім беру ісінің үздігі" төсбелгісі, "Еңбек ардагері" медальімен марапатталған.
СНХ: ОРАЛ РАХИМОВ, БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ: Мұғалім болғаннан кейін балалардың болашақ өмірі өте жауапты. Қалай болса солай қарауға болмайды. Мектепті бітіріп шыққан түлек өмірде орнын таба білу керек. Сол бағытта дұрыс тәрбие бердім деп ойлаймын. Мысалы әпербақандыққа парасаттылық, ұсақтыққа ірілік, ақымақтыққа кісілікті, өтірікке шындықты деген сияқты менің алдымнан шыққан балалардың көбі өмірде өз орындарын тауып, елдің дамуына өз үлестерін қосуда.
РКС: Орал Рахимов қоғамдық жұмыстарға да араласады. Белсенді өмір сүру қағидасын ұстанатын ол күніне 2-3 шақырым жаяу жүруді әдетке айналдырған. Облыстық, аудандық газеттерге жиі мақала жазып тұрады.
СНХ: БАТЫРХАН АХМЕТОВ, "ҚАЗАҚ ЗАҒИПТАР ҚОҒАМЫ" ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Біздің қоғамға келгеннен бері, зағиптар арасында, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спартакиада болады. Облыстық спартакиадаға әрқашан да қатысады. Әрқашан орын алады. Зағиптар қоғамы шахматтан сайыс өткізеді. Республикадан 5 орын алып келді.
РКС: "Ұстаз - ұлағатты есім" атты іс-шараға Орал Қабыкенұлының достары, туыстары шақырылған. Олар еңбек адамының өмір жолы жайлы естеліктерімен бөлсіп, әдемі тілектерін білдірді.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ