ДИКТОР: Ақмола облысының экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен прокуратура ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды. Олар Степногорск қаласындағы қорғаудағы өндірістік нысанға заңсыз кіріп, бағалы металдарды өндірумен айналысқан.
РКС: Тергеу барысында 2023 жылдың қаңтарында Степногорск қаласының екі тұрғыны ұйымдасқан топ құрып, оған сенімді тұлғалардың қосылғаны анықталды. 2023 жылдың мамырынан 2024 жылдың маусымына дейін олар Павлодар және Ақмола облыстарының тұрғындармен бірге «Қазақ Алтын» серіктестігінің аумағында заңсыз кен өндірумен айналысқан. Алынған руданы қылмыстық топтың ұйымдастырушылары Қазақстан аумағында алтын сатушыларға өткізіп отырған. Қылмыстық топтың әрекеттерінен «Қазақ Алтын» серіктестігінің жұмысына бөгет болып, елеулі шығынға ұшыратқан. Сондай-ақ, серіктестік қызметкерлерінің өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндірген. Заңсыз әрекеттердің салдарынан шахталарда екі азамат қаза тапты.
СНХ: МИРАС МҰРАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Қылмыстық топтың ұйымдастырушылары заңсыз алтын айналым арқылы 21 миллион теңгеден астам қылмыстық табыс тапты. Оның бір бөлігі үшінші тұлғаға рәсімделген жүк көлігін сатып алуға жұмсалды. Бұл табыстың түп нұсқа көзін жасыру мақсатында жасалды. Кейіннен бұл көлік тауарлары тасымалдауға пайдаланылды. Бұл қылмыстық табысты заңдастыруға мүмкіндік берді. Қаржылық мониторлік агенттігінің департаменті 2023 жылдың соңынан бастап алтынның заңсыз айналымы фактілерін тоқтату бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
РКС: Қазір алтынды заңсыз өндіру және сату, контрафактілік зергерлік бұйымдарды жасау туралы екі іс бойынша материалдар сотқа жіберілді. Қылмыстық топтардың жалпы айналымы шамамен 260 миллион теңге. Былтыр қылмыскерлердің бір бөлігіне қатысты үкім шығарылды, үш адам сотталды. Бұдан басқа, 16 миллион теңгеге алтын мен зергерлік бұйымдар тәркіленді. Қылмыстық жолмен алынған 5 миллион теңгеге жуық мүлік тәркіленді. 2-ші топқа қатысты қылмыстық іс сотта қаралып жатыр.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.