ДИКТОР: 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шаралар легі толастар емес. Кеше тағы бір керемет кеш өтті. Әсем ән, тамаша бимен көркемделген концерттік бағдарлама Жұмысшы мамандықтар жылына орай, осы салада қызмет ететін нәзік жандыларға арналды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Салтанатты шарада аналар қауымына жүрек тебірентерлік ән шырқаған өнерпаздар мен мың бұралған бишілер көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Арнайы шақырылған қыздар қауымы ерекше қошемет пен ілтипатқа бөленіп, өздерінің ризашылықтарын білдірді.
СНХ: АЙЗАДА ҚАЗИЕВА, «КӨКШЕТАУ СУ АРНАСЫ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ МАМАНЫ: Мен «Су Арнасы» мекемесінен келіп отырмын. Бізді арнайы шақырып керемет көңіл күй сыйлап жатқан ұйымдастырушыларға және біздің басшылығымға көп рахмет. Бүгінгі қуаншты Аналар күнімен, қыздар, келіншектер күніне арналған іс-шара. Осы орайда барша қыздар қауымын құттықтағым келіп отыр, өмірлеріңізде гүлдей жайнап ойнап күліп жүре беріңіздер.
РКС: Әйел – отбасының алтын діңгегі, жан жылуын сыйлайтын аяулы ана, үйдің берекесін сақтаушы. Отбасы мен қызметті қатар алып жүрген арулар. Өз ісінің хас шебері, ұрпаққа өнеге болар нағыз кәсіби маман иелері де дәл осы нәзік жандар. Бұл кеш әйел-аналарға деген құрмет пен алғыстың жарқын көрінісі болды.
ИНТЕРШУМ:
ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ