ДИКТОР: Кәсіпкер әйелдерді қолдау үшін Қазақстанның барлық өңірінде «Үміт» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Бағдарламаның шарттары бойынша жеңілдетілген қаржыландыруды кәсібін жаңа бастағандар да, ісі өрге домалаған іскер әйелдер де ала алады. Қаражатты екінші деңгейдегі банктер береді. Ал бағдарламаның бастамашысы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры.
РКС: «Үміт» бағдарламасы аясында кәсіпкерлер төмен пайыздық мөлшерлемемен 100 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несие ала алады. Бизнесті дамыту үшін жақсы мүмкіндік ұсынылып отыр. Несиелер инвестицияларға және айналым қаражатын толықтыруға беріледі.
СНХ: БОТАГӨЗ ХАСЕНОВА, «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Осы бағдарлама бойынша несие алу үшін әйелдер кәсіпкерлер санатына ену қажет. Бұл жеке кәсіпкер-әйелдер. Егер ол серіктестік болса, онда құрылтайшылардың 51 проценттен астамын әйелдер құрауы тиіс. Инвестициялық мақсаттар ең ұзақ мерзім 7 жылға дейін, айналым қаражатын толықтыру - үш жылға дейін. Бағдарлама бойынша мөлшерлеме жылдық 16,5 процент. «Даму» қоры субсидиялаған кезде кәсіпкерлер үшін түпкілікті мөлшерлеме қызмет түріне және бизнестің орналасқан жеріне байланысты 7-ден 10 процентке дейін болады.
РКС: Қаржылық қолдау экономиканың әр саласын қамтиды. Мысалы, «Үміт» бағдарламасы Бурабай ауданындағы қонақ үй бизнесіне көмірмен жылытудан орталықтандырылған газға көшуге мүмкіндік берді.
СНХ: БАҚЫТГҮЛ АЛПЫСБАЕВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: 2017 жылдың мамыр айынан бастап Бурабай кентінде туристерге қонақ үй қызметін көрсетеміз. Былтыр қыркүйек айында интернеттен «Үміт» әйел кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы бар екенін білдім. Кейін «Даму» қорынан қолдау сұрадым. Өтінімді мақұлдап, жобамды қабылдады. Газбен қамтуға қатысты жұмыстар басталып кетті. Туристер үшін, ішкі туризмді дамыту үшін сервисті жақсарту қажет, өйткені туризм еліміздің экономикасындағы басым бағыты. Әйелдерге қолдау көрсету үшін осындай бағдарлама бар екеніне ризашылығымды білдіремін.
РКС: Бағдарлама аясында кәсіпкер әйелдерге «Даму» Қорының Еуропалық қайта құру және даму банкімен әріптестігі шеңберінде тегін оқыту мүмкіндігі беріледі. Мәселен, қатысушылар нарықта бәсекелестік үшін қажетті кәсіби дағдыларды алады. Айта кетейік, «Даму» Қоры өз қызметінің барлық кезеңінде 100 мыңға жуық әйелдер кәсіпкерлігіне қатысты жобаны қолдады.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСИН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.