ДИКТОР: Қазақстандық әйелдерде ақыл, сұлулық, даналық пен көрегендік үйлесімді жарасым тапқан. Елімізде нәзік жандылардың мансапты ойдағыдай құруы, мемлекеттік және қоғамдық басқаруға белсенді қатысуы үшін жағдай жасалғануына көп көңіл бөлініп отыр. Ел Президенті Қазақстанның көптеген жетістіктерінің артында табысқа және прогреске шабыттандыратын керемет әйелдердің қажырлы еңбегі тұрғанын бірнеше рет атап өтті.

РКС: Барған сайын азаматшалардың жауапты лауазымдарға ие болып, мемлекеттік бастамалар мен жобаларды табысты іске асыруда. Гүлмира Шұқатова-Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары. Әйелдердің қала экономикасының мәселелерімен қалай жүйелі айналыса алатындығының жарқын мысалы. 1990 жылы Целиноград қаржы-экономикалық техникумын "Қаржыгер"мамандығы бойынша бітірді. 2003 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде "экономист-қаржыгер" мамандығы бойынша диплом алды. Қаланың экономика және кәсіпкерлік саласына жауапты.

СНХ: ГҮЛМИРА ШҰҚАТОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жұмысым өзіме ұнайды. Жақсы көрем. Мен басшылық ететін сала қала бойынша атқарылып жатқан көлемді жұмыстардың нағыз тіні дер едім. Шаһарда салынып жатқан құрылыстар, жаңартылып жатқан нысандар, көгалдандыру мәселесі, мұның бәрін қаржыландырусыз істеу мүмкін емес. Маған бәрін есептеп, болжаған ұнайды. Ал оның жемісін көрегнде, міне нағыз рахат осы.

РКС: Заң аясында әрекет ету. Кәсіпкерлердің құқығы мен мүддесін қорғау. Мұның бәрі Валентина Геращенкоға қаратып айтылғандай. Ол облыстық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрайымы. Басшылардың сенімді көмекшісі. Нағыз еңбек адамы. Оның еңбегі ескерусіз де қалған емес. Түрлі сала басшыларының Алғысына бөленіп жүрген білікті маман.

СНХ: ВАЛЕНТИНА ГЕРАЩЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАЙЫМЫ: Мен өзімнің жұмысымнан керемет ләззат аламын. Жалпы кез келген жұмыс адам өмірінің ажырамас бөлігі ғой. Егер сол жұмыстан рахаттансаң, тіптен керемет әсерде боласың. Шыны керек, көп ретте отбасына сонша көп көңіл бөле бермейміз.

РКС: Алмагүл Қадыралина Жақсы ауданының әкімі. Ақмола облысы бойынша жалғыз әкім әйел. 2021 жылдан бері осы қызметте. Алғашқы күннен бастап аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсарту бағытында белсенді жұмыс істеп келеді. Асыл жар, ардақты ана.

СНХ: АЛМАГҮЛ ҚАДЫРАЛИНА, ЖАҚСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Құрметті апалар, аналар, құрметті әйелдер. Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шың жүректен құттықтаймын. Отан отбасынан басталады деген ұғымға сәйкес әйелдердің қоғамда рөлі ерекше. Дәстүріміз бойынша бұл күні сіздерге, аналарымызға, апаларымызға, қыздарымызға тілектерімізді жолдаймын. Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, сәттілік тілеймін.

РКС: Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді деген халық даналығы бекерден-бекер айтылмаса керек-ті. Олар отбасының ұйытқысы, ұлттың жаны. Әйел заты мемлекеттегі қазақстандық қолайлылықты дамытуға және ұлттық салт-дәстүрді сақтауға ықпал етеді.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ