ДИКТОР: Былтыр Ақмола облысында отбасы-тұрмыстық қатынастарға байланысты 168 қылмыс тіркелген. Жыл басынан бері 17 жағдай анықталды. Әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау үшін белсенді шаралар қабылдануда. Заң күшейтіліп, дағдарыс орталықтарының жұмысы жандандырылуда. Жәбірленушілерге заңдық тұрғыда және психологиялық көмек те көрсетіліп жатыр. Әйелдер құқықтық қолдау қалай жүзеге асырылуда? Тілші баяндайды.
РКС: Қазақстанда әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау бағытындағы жұмыс қарқын алған. 2023 жылы арнайы заң қабылданды. Оған сәйкес зорлық-зомбылықтың кез келген түріне, оны қылмыс түріне жатқызуды қосқанда жазалау қатайтылды. Енді отбасындағы зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісі әкімшілік құқық бұзушылық ретінде емес, қылмыстық құқық бұзушылық ретінде қарастырылады.
СНХ: ДИНАРА МҰҒЖАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін 2023 жылдың шілдесінде біз өтініш берушінің отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау сипатына көштік. Сондай жаңа мерзімдері де ұлғайды. Заңнамадағы өзгерістер мұнымен аяқталған жоқ. 2024 жылғы 16 маусымда ұрып соғу және денсаулыққа зиян келтіру сияқты әкімшілік баптар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, қылмыстық заңнамаға ауыстырылды. ҚР Қылмыстық кодекстің 108-1 және 109-1баптары.
РКС: Жазалауды қатаңдатудан бөлек, жәбірленушілерді қолдау да күшейтілді. Облыста 9дағдарыс орталығы бар. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары ол жерден заңдық тұрғыда және психологиялық көмек ала алады.
СНХ: ДИНАРА МҰҒЖАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: 2024 жылы дағдарыс орталығына 219 адам орналастырылды. Оның ішінде 67 әйел адам, 152 бала. Алдын алу мақсатында полицейлер 1000-нан астам агрессорлар бақылауға алды. 800-ден астам қорғау нұсқамалары шығарылды. Мінез – құлыққа 300-ден астам ерекше талаптар белгіленді
РСК: Жылдың басында ішкі істер министрінің бұйрығымен отбасы-тұрмыстық зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлім құрылды. Бөлімше қызметі аталған саладағы мәселені жоюға және тиімді қарсы әрекет етуге бағытталған. Алдын алу шаралары аясында былтыр 5 мыңнан астам құқық бұзушы бақылауға алынды.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.