ДИКТОР: «Рио» сауда-ойын-сауық орталығында 5510 әскери бөлімі Көкшетау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімімен бірлесіп халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік ән шашу ұйымдастырды.

ИНТЕРШУМ:

РКС:Аталған мерекелік шағын концерт салтанатты түрде әйелдердің қоғамдағы орнын, отбасындағы маңызын арқау еткен тақырыптардағы мағыналы әндермен ерекшеленді. Барлық әндер жанды дауыста әскери оркестрдің сүйемелдеуімен орындалды.

СНХ: ҒАНИ ЕРЕЖЕ, 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КЛУБ БАСТЫҒЫ: 5510 әскери бөлімінің оркестрі "Көкшетау " мәдениет бөлімімен бірлесіп, барлық әйелдерді 8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Сүйкімді арулар-сіздерге тілеріміз зор денсаулық, ашық аспан, мөлдір махаббат.Мерекелеріңізбен.

РКС: Шара барысында барлық әйел қауымына гүл шоқтары үлестірілді. Күнделікті қарбалас тіршілікке жаңа рең беріп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Керемет эмоцияға бөленген қала тұрғындары әскери оркестрдің мүшелеріне алғыстарын білдірді.

СНХ: АҚЕРКЕ БЕКЕН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бүгін «Рио» сауда орталығында керемет үлкен осындай әсем концерт болып жатыр. Мен арнайы рахметімді 5010 әскери бөлімінің әскери оркестріне рахмет айтқым келеді. Концерт өте жоғары деңгейде өтті. Міне осы келе жатқан 8-наурыз мейрамымен барша нәзік жандыларды құттықтағым келеді.

РКС:Айта кетейік, әскери оркестр бұған дейін Зеренді ауданында, сонымен қатар көршілес Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында да болып, өнер көрсетіп қайтты. Алдағы уақытта жақын маңдағы тағы бірнеше ауданға гастрольдік сапармен баруды жоспарлап отыр.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ