ДИКТОР: Облыс халқының тең жартысына жуығы денесін шынықтырып, спортпен шұғылданады. Ал енді соның тең жартысы – нәзік жандылар. Олар өздерін әуесқой және кәсіби деңгейде көрсетіп жүр. Биік белестерді бағындырып жүрген спортшы қыздар жайында тілші баяндайды.

РКС: 2006 жылы 15 жастағы Мөлдір Базарбаева боксты таңдады. Бастапқыда өзін ауыр атлетикада, кикбоксингте, қоян-қолтық ұрыста сынап көрді. Бокс секциясы ашылысымен бірден жаттығуға келуге жазылған. Сол тұста «Малышка на миллион» фильмі Мөлдірдің спортпен шұғылдануына жетелепті. Спортшы 19 жыл бойы үздіксіз жаттығу үстінде. Оның жемісін де көріп жүр. Әлі де жаттығудан қол үзген емес, онымен қатар жаттықтырушылық қызметпен де айналысады.

CHX: МӨЛДІР БАЗАРБАЕВА, БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ: Қазақстан чемпионатында 7 рет жеңіске жеттім. 8 мәрте финалист болдым. 3 рет қола жүлде иелендім. 2 мәрте спартакиадада жеңіске жеттім. 5 рет Қазақстан Чемпионатында жүлделі болдым. Жалпы 7 алтын меділм бар. 2015-ші және 217-ші жылдары Азия чемпионатының 2 мәрте жүлдегері болдым. Халықаралық жарыстардан да талай жүлделі оралдым.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Ауыр атлетші Екатерина Столяренконың спорттық мансабы табысты. Спорттың бұл түріне 6-жасында әкесі жетектеп әкеліпті. Ол кезде балғын Катяны ауыр атлетикаға беру әлі ерте деп залға кіргізбепті. Бірақ, Екатеринаның табандылығы ақыры жеңісті болды. Үш ай бойы спортшылардың жаттығу сәтін терезеден сығалап бақылап отырған. Балғын қыздың шынайы қызығушылығын байқаған жаттықтырушы ақыры оны қабылдайды. Қазір Екатерина саптағы спортшы. Облыстың қоржынына неше түрлі медаль әкелді.

СНХ: ЕКАТЕРИНА СТОЛЯРЕНКО, АУЫР АТЛЕТИКАДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ: 2012 жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатында 3-ші орынды еншіледім. Жасөспірімдердің екінші Азия ойындарында да қол жүлдегер атандым. Ересектер мен жасөспірімдердің әлем чемпионатында ересектердің Азия чемионатында да олжалы болдым. Қазақстан чемпионатында қателеспесем 17-18 рет жеңіске жеттім. Жастар ойындарының чемпионымын. Спартакиаданың екі дүркін күміс жүлдегерімін.

РКС: Ақмолалық спортшы қыздар облыс пен еліміздің намысын халықаралық аренада лайықты қорғап жүр. Олар спорттың қысқы түрінде де биік белестерді бағындыруда.

СНХ: АРДАҚ ТӨЛЕНДИН, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Осы жылдың басында Азия ойындарында спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетті. Хан Яна мен Ольга Тихонова шорт-тректе 2 күміс медаль ұтып алды, Азия онйындарының жаңағы микс-эфстафета мен қыздар эстафетасында. Крюкова Арина Қазақстан құрама командасының құрамында қола медаль ұтып алса, Шалыгина Ксения мен Степашкина Надежда күміс медальға ие болды.

РКС: Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептері мен секцияларынан да қыздарды көптеп кездестіруге болады. Жалпы алғанда аймақта спортпен шұғылдануға, денені шынықтыруға барлық жағдай жасалған.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.