ДИКТОР: 5 наурыздан Көкшетауда Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі басталды. Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына көктемгі аяқ киімдердің топтамасы ұсынылуда. Бағасы да, сапа да халықтың көңілінен шығады. Жәрмеңке Жұмабаев көшесі 13-ші мекенжайда орналасқан Риверсайд тұрғын үй кешеніндегі сауда павильонының бірінде өтіп жатыр.

ИНТЕРШУМ: Большое весеннее поступление обуви. Вы можете порадовать себя и своих близких в преддверии 8 марта.

РКС: Наурыз айы басталысымен күн аздап жылынып, жұрт қысқы киімдерін біртіндеп шеше бастады. Қысқы аяқ киімдерін жиыстырып, көктемге арналған етік іздеуге кірісіп кетті. Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі көкшетаулықтар үшін тамаша мүмкіндік сыйлап отыр. Әйелдер мен ерлерге арналған аяқ киімнің 50-ден асқан түрін ұсынуда. Түсі мен өлшемі, үлгілері де өте көп.

СНХ: ИРИНА МАСЛОВА, САТЫЛЫМ ЖӨНІНДЕГІ МЕНЕДЖЕР: Бізде ерлер мен әйелдер аяқ киімдерінің көктемгі топтамасы сатылымда. 36-дан бастап 42-ші өлшемге дейін қыздарға, ал 40-тан 46-шы размерге дейін ерлерге арналған аяқ киімнің түр-түрі бар. Бәрі табиғи теріден тігілген.Бұзаудың престелген терісі.

РКС: Жәрмеңкенің өз ұраны бар. Тиімді бағадағы жоғары сапа деп аталады. Көктемгі аяқ киімдердің бәрі табиғи теріден тігілген. Табанынан су өтіп кетеді деп қорқуға негіз жоқ. Сондай-ақ ортопедиялық ұлтарағы да бар. Жүргенге ыңғайлы. Жәрмеңке Жұмабаев көшесі 13-ші мекенжайда орналасқан Риверсайд тұрғын үй кешеніндегі сауда павильонының бірінде өтіп жатыр. Таңертеңгі сағат оннан кешкі жетіге дейін демалыссыз және үзіліссіз жұмыс істейді. Келе аптаның соңына, яғни наурыздың 16-сына дейін ұнатқан үлгідегі ыңғайлы аяқ киімді сатып алуға асығыңыздар.

ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ДАМИР САДЫКОВ, КОКШЕ АКПАРАТ.