ДИКТОР: Көкшетауда «Бурабай інжу-маржаны» атты ашық жүзуден республикалық 14-ші турнир өтіп жатыр. Оған еліміздің барлық өңірінен түрлі жастағы 600-ге тарта балғын спортшы қатысып, бақтарын сынауда. Айта кетейік, сайысқа қатысып жатқандардың ең үлкенінің жасы 10-нан енді асқан. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.

РКС: «Бурабай інжу-маржаны» еліміздің ең үздік жүзушілерін жинады. Бұл жолғы жарысқа келгендердің ішіндегілердің ең кішісінің жасы 7-де. Ал Дмитрий Вережников жарыстан жақсы нәтиже көрсететініне сенімді.

СНХ: ДМИТРИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖҮЗУШІ: Екі жыл бұрын ата-анам мені жүзумен айналысуға жіберді. Оған дейін әлі жүзе алмадым, жаттықтырушым Бағдат Жылқыбайұлы үйретті. Маған жүзу адамның физикалық дене бітімін дамытуға септігін тигізетіні ұнайды. Бүгін жақсы нәтиже көрсетіп, жылдамдығымды жақсартамын деп үміттенемін.

СНХ: АРДАҚ ТӨЛЕНДИН, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Ойлаймын, жарысымыз жақсы деңгейде өтеді. Спортшыларымыз әрі қарай үлкен жарыстарға қатысады. Бұл жарысқа көбінесе жасөспірімдер, бірінші жарысқа келген спортшылар қатысып жатыр.

РКС: Республикалық жүзу турнирі осымен 14-ші рет өткізіліп отыр. Қазір жарыстың әр санаты бойынша 45 құрама қатысып жатыр. Балалар бағдарламаның 13 түрі бойынша бақтарын сынауда. Сондай-ақ, жарыс барысында эстафетаның 3 түрі өткізілмек.

СНХ: ВАЛЕРИЙ КРУТОВ, БАС ТӨРЕШІ: Бұл жастағы балғындар үшін жүзуден ресми жарыстар өткізілмейді. Біз балғын спортшыларды анықтау мақсатында осы турнирді ойластырып, 14-ші рет өткізіп жатырмыз. Спортшылар жүзуге 5 жасынан бастап келеді. 10 жасында олар 6-7 жыл бойы спорттық тәжірибе жинайды. Бұрын тек қалалық және облыстық жарыстар өтті. Аталған турнир спортшылардың өз күшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен келетін өзге балалармен салыстыруға, сондай-ақ лайықты нәтиже көрсетуге мүмкіндік береді.

РКС: Жарысқа қатысуға ниет білдіретіндер өте көп. Олармен бірге кішкентай спортшыларды қолдауға ата-аналары да келді. Мұндай жарыстар тек физикалық күшін ғана емес, спортшылардың спорттық рухын да арттырады. Айта кетейік, жарыс үш күнге созылады. Алтыншы наурызда жарыстың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар анықталады.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.