ДИКТОР: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының қатысуымен студенттерге арналған «Заң мен тәртіп» форумы өтті. Шара жастардың құқықтық санасын арттырып, заңдылық қағидаттарын насихаттауға бағытталған.

РКС: Жастар ресурстық орталығы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжімен бірлесе отырып студенттермен кездесу өткізді. Оның барысында студенттер талқылауға белсене қатысып, сұрақтар қойып, пікір алмасты.

СНХ: РЫСПАЙ УӘЙІСОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Форумның мақсаты – жастар, әсіресе кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы қылмыстың алдын алу.

РКС: Форумда облыстық киберқылмыспен күрес жөніндегі басқарманың жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Темірлан Әкімбеков негізгі баяндамасында интернеттегі алаяқтыққа тоқталып, жиі кездесетін түрлерін атап өтті.

СНХ: ТЕМІРЛАН ӘКІМБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ КИБЕРҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ: Қазіргі таңда жастар арасында интернет арқылы алаяқтық фактілері көбейген. Осы тұрғыда біз осындай сипаттағы іс-шараларды өткізуге тырысамыз, онда біз жастарымызға интернет алаяқтарының құрбаны болмауды, өзін және жақындарын интернеттегі алаяқтардан қалай қорғану керектігін түсіндіреміз.

СНХ: БОТАГӨЗ КҮНТУҒАН, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Жастар арасындағы құқықбұзушылық қазіргі қоғамда өте өзекті мәселе деп санаймын. Жәнде осындай кездесулердің жастар арасында жиі өткізілуі өте пайдалы деп есептеймін, себебі әр адам өз құқығын білуі қажет. Осы арқылы адам өз-өзіне сенімді болып, әртүрлі өмірлік жағдайларда өз құқығын қорғай алады. Және де олар құқық бұзушылықтың салдарын білсе, осындай жағдайлар азаяды деп ойлаймын.

РКС: Ашық диалог форматында өткен шара жастарға құқықтық аспектілерді біліп қана қоймай, оны сарапшылармен талқылауға мүмкіндік берді. Форум соңында қатысушыларға адам саудасы мәселелері бойынша шағын үнпарақшалар таратылып, студенттер толғандырған сұрақтарына жауап алды.

ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ