ДИКТОР: 50-ден астам маман өндірісте жаңа қызметкерлерді оқыту құқығын иеленеді. "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасында "Тәлімгерлік мектебі" жобасы аясында кезекті оқыту өтуде. Семинардың тақырыбы: "Жұмыс орнында оқытудың педагогикасы. Тәлімгер-мамандарды аттестациядан өткізу".
РКС: Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының сертификатталған жаттықтырушы-мультипликаторы Ләззат Шонаева оқытып жатыр. Семинарға дуальды оқытуға тікелей жауап беретін кәсіпорындардың мамандары қатысуда. Олар студенттермен және практиканттармен тікелей жұмыс істейді. Колледждермен тығыз ынтымақтастықта.
СНХ: ЛӘЗЗАТ ШОНАЕВА, ҚР "АТАМЕКЕН" ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жоба 2016 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Тәлімгерлік дегеніміз өмір бойы оқытуды қажет етеді. Тәлімгер өзінің білімін, дағдыларын өзгеге үйретеді. Сонымен қатар өзімен бірге жас маманды бәсекелестік ортаға бейімдеу үшін алдымен өзі өндіріс талаптары бойынша қандай да бір мазмұнды ақпаратқа ие болуы тиіс. Еңбек кодексіне сәйкес тәлімгер дегеніміз – жоғары білікті маман.
РКС: Қатысушылардың қатарында тігін кәсіпорнының басшысы Екатерина Жукова да бар. Ол «Тәлімгерлік мектебі» аясындағы оқыту семинарының берері мол екенін айтады. Ең алдымен осы жерде алған білім мен дағдыларды болашақта студенттерді оқыту кезінде пайдаланамын,-дейді.
СНХ: ЕКАТЕРИНА ЖУКОВА, СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУШЫ: Кәсіпорынға жастарды тарту үшін экскурсиялар ұйымдастырамыз. Десе де бәрін бірдей қамти алып жатырмыз деп айта алмаймын. Сондықтан бүгінгідей оқыту семинарының берері мол. Мұндағы айтылған ойларды түйіндеп, жұмысымызда қолданатын боламыз. Биылғыдай жұмысшы мамандықтар жылында бұл мәселе тіптен өзекті.
РКС: Семинар соңында қатысушылар тәлімгердің сертификатын алады. Сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы тәлімгерлер реестріне енгізіледі.
ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ