ДИКТОР: Зеренді ауылында қысқы жүзу фестивалі өткізілді. Шараға Ресей Федерациясының қысқы жүзуден әлем чемпионы, Бүкілресейлік қысқы жүзу Федерациясының Президенті Андрей Замыслов, сондай-ақ 70 жүзуші қатысты. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.
STAND-UP: ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ТІЛШІ: Зеренді ауылында Қазақстандағы алғашқы қысқы жүзу фестивалі ұйымдастырылды. Шара барысында әлем чемпионы Андрей Замысловпен кездесу, сондай-ақ түрлі жастағы спортшыларды морждарға арнау рәсімі өткізілді.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: АНДРЕЙ ЗАМЫСЛОВ, ҚЫСҚЫ ЖҮЗУДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ: 16 жылдан астам халықаралық және ресейлік жарыстарда еліміздің атынан қатысып келемін. Жыл сайын қатысушылар саны өсуде. Бүгін Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың жаңа деңгейіне көтеріліп отырмыз. Бізде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Халықаралық қысқы жүзу федерациясы бар, әзірше оның құрамына Беларусь және Ресей кіреді.
РКС: Шара «Бурый Медведь» қоғамдық ұйымының меңгерушілері Мұратбек Берікбеков пен Ирина Шуленбаева ұйымдастырды. Фестиваль барысында шыныққан спортшылар үшін 1 шақырым қашықтыққа жүгіру, сондай-ақ 25 метр қашықтыққа еркін стильде және брасспен қысқы жүзу өткізілді.
СНХ: ЛЮДМИЛА ЗАКРЕВСКАЯ, ЖЕҢІМПАЗ: Мұзды суда жүземін, сезімім керемет! Энергия керемет, көңіл-күй және ең бастысы денсаулық. 2,5 жыл ішінде бірде-бір дәрі ішкен жоқпын. Ешқандай суық тимейді. Тек мұзды суда шомылу. Бұл керемет. Мұзды судан қорықпаңыз, химиялық дәріден қорқыңыз. Мұзды су – дәрі-дәрмексіз денсаулық.
РКС: Фестиваль-жарысқа 100-ге жуық қатысушы келді. Оның ішінде қазақстандықтар ғана емес, Ресей Федерациясы, сондай-ақ Англия, Финляндия мен Швеция елдерінің азаматтары. Оның ішінде 2-ші жүлделі орынға ие болған Англиядан келген спортшы Финли Смит.
СНХ: ФИНЛИ СМИТ, ЖҮЛДЕГЕР: Маған қатты ұнап тұр. Бұл мен үшін қызықты тәжірибе болады. Мұндай фестивальде бірінші рет келіп тұрмын. Англия тұрғындары үшін қысқы жүзу өте ерекше тәжірибе. Достарыммен бірге осында демалуға келдік. Мен Астанада екі рет мұзды суда жүзіп көрдім. Айтып жеткізуге болмайтын әсер. Мен Англияға оралғанда, достарыма және туыстарыма Зерендіге қалай барғанымды және көлдегі мұзды суда жүзгенім туралы айтамын.
РКС: Фестиваль-жарыс соңында марапаттау рәсімі өтті. Әйелдер арасында Марина Леонтьева, ал ерлерде Павел Комаров абсолютті чемпион аттанды. Спортшылар медальдармен және дипломдармен марапатталды.
ИНТЕРШУМ:
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.