ДИКТОР: Жұмысшы мамандықтар жылы қоғамда еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеяларын ілгерілетуге, жәрдемдесуге арналған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында осылай атап өтті. Еңбек әулеттері-адал және қажырлы еңбекпен табысқа жеткен адамдардың қошемет пен құрметке ие болуының жарқын көрінісі. Өйткені, олардың үлгісі отбасылық бизнесті жалғастыратын,олардың ізімен жүретін жақындарынан шабыт алады.

РКС: Аққошқаровтар әулеті жарты ғасырдан астам Шағалалы жоғары агротехникалық колледжінің студенттерін электрмен жабдықтауға үйретіп келеді. Арнайы пәндер оқытушысы Данияр Аққошқаров әкесінің ізінен ере жүріп энергетиканың қаншалықты маңызды екенін түсінгенін айтады. Соңғы жылдары өндіріс процестері айтарлықтай өзгерді, олардың көпшілігі автоматтандырылған. Алайда, мамандық өзектілігін жойған емес.

СНХ: ДАНИЯР АҚҚОШҚАРОВ, ШАҒАЛАЛЫ ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ: Менің әкем Есімжан Аққошқаров 1972 жылдан бастап осы оқу орнында 33 жыл тапжылмай жұмыс істеді. Тіпті еңбек кітабында бір ғана жазба бар деген мақала да жарық көрген. Ол болашақ энергетиктерді тәрбиелеумен айналысты. Мен бала кезімнен бұл мамандық туралы көптеген мысалды көрдім. Осы мамандықтың маңыздылығын да жақсы түсіндім. Әкемнің ізімен осы оқу орнына ауыл шаруашылығын электрлендіру және автоматтандыру, техник-электрик мамандығы бойынша оқуға түстім. Оны тәмамдағаннан кейін осында жұмыс істедім. Одан соң электр энергетика мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітірдім. Қазір директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасарымын. Сондай-ақ ауыл шаруашылығын электрмен жабдықтау мамандығы бойынша арнайы пәндерден сабақ беремін.

РКС: Колледж студенттері жыл сайын кәсіби шеберлік байқауларына қатысады. Данияр Ақкошқаров-электр монтаждау ісі бойынша "WorldSkills" чемпионатының компатриоты. Оның бастамасымен көптеген студент оқып шықты. Олардың ішінде 4-курс студенті Әлинұр Нұржанов та бар. Ол "Салалар бойынша электрмен жабдықтау" мамандығын игеруде. Отбасым қашан да осы мамандықпен тығыз байланысты болды, - дейді.

СНХ: ӘЛИНҰР НҰРЖАНОВ-СТУДЕНТ: 1975 жылы менің атам осы колледжге электромонтер мамандығы бойынша оқуға түскен. Мен де оның ізімен жүріп, ол сияқты жетістікке жеткім келеді. Кейін ағам да 2019 жылы атам оқыған сала бойынша білім алды. Қазір ірі серіктестікте кезекші электрик болып жұмыс істейді. Осы істі енді мен де жалғастырып жатырмын. Оны мақтан тұтамын. Мен де олар сияқты табысқа жеткім келеді.

РКС: Еңбек әулеттерінің өкілдері еңбекқорлық пен өз кәсібіне деген сүйіспеншілік оларды жұмыс істеуге шабыттандыра түсетінін айтады. Мұндай мысалдар өскелең ұрпақтың барлық салаға ынтызарлығын арттыратынына еш күмән жоқ.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.