ДИКТОР: Көкшетауда Халықаралық стандарттар бойынша салынған үстел теннисі орталығы ашылды. Зал заманауи жабдықтармен жарақтандырылған. Оның бәрі спорт сүйер қауымның жеке қаражатына сатып алынған. Орталық басшылығы балалардың қабілеттерін дамытып, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуді көздеп отыр.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Бұл үстел теннисінен Көкшетауда ашылып отырған жалғыз орталық. Енді осы спорт түрінің әуесқойлары өз дағдыларын шыңдай отырып жаттыға алады.

СНХ: САҚЫПЖАМАЛ АУТАЙҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Міне, мен өте қуаныштымын бүгін. Көкшетау қаласында осындай ойын алаңы ашылғанына. Өте рахмет осыған. Біздің балалар телефонмен үйде отырмайды енді телевизордың жанында.

СНХ: АЗАМАТ НҰРШӘРІП, СПОРТШЫ: Тенниске қызығушылық танытқаныма бір жылдай болып қалды. Бұл спорт түрі маған қатты ұнайды. Денсаулыққа пайдалы әрі ақыл-ойды дамытуға ықпал етеді. Жаттығу залында қолайлы жағдай жасалған. Алдағы уақытта бұл жерге үзбей келіп тұрамын деп ойлаймын.

РКС: Жаттығу залы 230 адамға арналған. Сабақ күніне 6 рет өткізіледі. Балғын спортшылар үшін жаттығуды тегін ұйымдастыру жоспарланып отыр. Ойыншылардың еркін қозғалысы мен жайлылығы үшін бәрі ойластырылған. Жаттығу залының төбесі биік. Әр теннис үстелінің үстіне шамдар орнатылған.

СНХ: ДАНИЯР ЖИКЕМУРАТОВ, ҮСТЕЛ ТЕННИСІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Аталған орталықты құру идеясы Көкшетау қаласында мұндай орталықтардың жетіспеушілігінен туындады. Біз өзіміз әуесқой спортшымыз. Ойнайтын орталық болған жоқ. Сондықтан осындай орталық ашсақ деп шештік. Оның үстіне біз білім беру саласында еңек етеміз. Бұл орталық балалардың білімін дамытуға арналған.

РКС: Іс-шара соңында орталықтың ашылуына арналған турнир өтті. Жергілікті тұрғындар мен спортшылар жаңа нысан туралы өздерінің жақсы пікірлерімен бөлісті.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ