ДИКТОР: Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Достық пен бірлікке – 30 жыл» облыстық ән байқауы өтті. Оған өңірдің аудандары мен қалаларынан, сондай-ақ этномәдени бірлестік пен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Байқауға облыстың 8 ауданы мен қаласынан 21 өтінім түсті. Шара ән шығармашылығын насихаттауға, сондай-ақ, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға үлес қосуға бағытталған.

СНХ: ДАНА МАЙРАМОВА, БАЙҚАУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ: Байқауға 19 қатысушы, яғни тек кәсіби орындаушылар ғана емес, ән айтуға қабілетті әуесқойлар да қатысты. Жеңімпаздарға құнды сыйлықтар мен ынталандыру сыйлықтары қарастырылған.

РКС: Байқау ақмолалық дарынды жастарға бірлік идеясын ән арқылы жеткізуге мүмкіндік беретін алаңға айналды. Айта кету керек, жас буын арасында осындай форматтағы шараларға деген айтарлықтай қызығушылық байқалады.

СНХ: ГҮЛНӘР ЫБЫРАЕВА, КӨРЕРМЕН: Барша Қазақстан халқын осындай керемет мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Бірлік пен татулық жарасқан керемет мереке. Бүгінгі біз ассамблея Дом дружбы дейді иә осында келіп, міне ұлым Иван осы үлкен конкурсқа қатысқымыз келіп тұр. Алла Жасса, бұйырса. Біз Зеренді ауданынан келдік. Клепцов Иван менің ұлым. Иә, міне бүгін ол қазақ тілінде өзінің бір өнерін паш еткісі келіп тұр.

СНХ: ИВАН КЛЕПЦОВ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ: Мен осы жерге өлең айтуға келдім. Мен өзіммен бірге «Мен қазақпын» атты өлеңді алып келдім. Осы жерде осы өлеңді айтамын. Осы барша халықты Ассамблея 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын.

РКС: Байқау қорытындысы бойынша қатысушыларға диплом мен ақшалай сертификат табысталды. Сондай-ақ, ынталандыру сыйлықтары да берілді.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ