ДИКТОР: Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділ Қазақстанның экономикалық бағдары" атты халыққа Жолдауында азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл бағытта «AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асырып келеді. Былтыр аталған бағдарлама аясында 780 мың адам қаржылық сауаттылығын арттырды. Ақпанның 17-нен бастап «Қарызсыз қоғам 2.0» жобасының жаңа кезеңі басталды. Бірінші кезең аясында Көкшетау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі базасында 38 адам оқудан өтті.

РКС: «Қарызсыз қоғам» жобасы азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру, банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша проблемалық берешекті реттеуге жәрдемдесуге бағытталған. Былтыр 9 мыңнан астам ақмолалық оқудан өтті. Олардың қатарында зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер, курсанттар және басқа да әлеуметтік топ өкілдері бар.

СНХ: ҚАЛИ АХМЕТОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Биылғы жылдың ерекшелігі – арнайы 3 айдан өтемақыларын, кредиттерін өтей алмайтын азаматтарға арналған. Енді бүгінгі кезеңде өте қиын. Қазіргі уақытта азаматтарды алдайды, сондықтан олардың білімділігін арттыру үшін Аманат партиясымен бірге оқуларды бастадық. Бүгінгі кезеңде оқу нақты үй шаруашылығында қиын жағдайдағы 3 айдай өтемақылырын өтей алмаған азаматтар оқып жатыр. Бүгін бірінші түлектер шығады. Болашақта осындай оқулар халыққа көмегін әкеледі деп ойлаймын. Өздерінің бюджетін жоспарлау, пайдалану және кредитке батпау мәселерін осы оқумен, оқудан басқа заңгерлер, басқа банк қызметкерлері оларға кеңестер береді.

РКС: Жоба азаматтарды қаржылық жоспарлау негіздеріне, қарызды басқару және несиелерді ұтымды пайдалануға үйретуге баса назар аударады. Қатысушылар үшін қаржылық аспектілерді жақсы түсінуге көмектесетін семинарлар, тренингтер және жеке кеңестер өткізіледі.

СНХ: САНА ҚАСҚҰЛОВА, ТЫҢДАУШЫ: Мен бұл оқыту курсына өзімнің қаржылық сауаттылығымды арттыру үшін келдім. Бұл курс өте пайдалы. Оқытушымыз сауатты сарапшы. Өз балаларымды да қаржылық сауаттылыққа үйрету үшін оқып жүрмін.

СНХ: ЮЛИЯ БАУГЕТНЕР, ТЫҢДАУШЫ: Менің жасым 20-да. Жұмыс істеймін. «Қарызсыз қоғам» курсына жазылдым. Өте ұнап жатыр. Менің ойымша, әрбір азамат қаржылық сауаттылық негіздерін білуі тиіс. Себебі, қазір алаяқтар көп. Бүгін оқыту барысында осындай жағдайларды мысалға келтіріп, алаяқтардың айласына түспес үшін қандай сақтық ережелерін сақтау керектігі туралы айтылды. Негізінен, әрдайым ізденіп, оқыған апртықтық етпейді.

РКС: Биыл тағы 14 мың ақмолалықты оқыту жоспарланып отыр. Тікелей семинарлардан басқа, qogamfin.kz онлайн платформасында кеңес алуға немесе оқыту курсына жазыла алады. Сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органдарға немесе «AMANAT» партиясының өңірлік филиалдарына жүгінуге болады.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ