ДИКТОР: Көкшетауда сырлы әнмен қазақ халқының бітім-болмысын, шынайы бейнесін сипаттап, ән әлемінде айрықша орнын қалдырған ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған «Ән аға - Шәмші аға» атты облыстық байқауы өтті. Өнер бәйгесіне өңірдің әр түкпірінен 40-тан астам қатысушы бақ сынасты. Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.

РКС: Қазақ мәдениетінде өшпес із қалдырған композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармаларын дәріптеу, жеке шығармашыл тұлғалардың қалыптасуына ықпал ету, әншілердің орындау шеберліктерін арттыру – бұл байқаудың көздеген мақсаты. Байқау екі кезеңде өтті. Іріктеу кезеңіне 40-тан астам өтінім келіп түссе, қорытынды гала-концертте 17 бақ сынаушы өнер көрсетті.

СНХ: ТӨРЕЖАН БЕЙСЕМБЕКОВ, «НҰРЛЫ САЗ» КВАРТЕТІ, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫ: Байқау өте керемет деңгейде өтіп жатыр. Өте биік деңгейде жыл сайын жаңарып, жаңа форматта, қатты ұнап жатыр. Өткен жылы да осы байқауға қатыстық. Сол байқауда 1-ші орынды қанжығыладық.

СНХ: АСЫЛТАС ТАСЫМОВА, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Хормен келіп, Шәмші әндердің хорға негіздеген әндерін естідік. Жастар іздеп, халық естімеген, көптен бері айтылмаған Шәмшінің әндерін өмірге шығарып жатыр. Бүгінгі байқаудан байқағаным жастар Шәмшінің әнін өзінің нақышына келтіріп, қазақы сол нақышпен айтқандар көп. Кавер нақышына да келтіріп айтып жатыр. Меніңше Шәмшінің әндері әр уақытқа сай. Ол ескірген, бұрынғы замандағы ән емес, қай заманғы ән болса да қазіргі ән секілді болып естіледі. Сондықтан бұл конкурс та мен өте жақсы көретін конкурстың бірі. Жастар ол әндерді тек орындап қана емес, халыққа жеткізіп, оны нақыштап, әрі жалғастыра береді деген ойдамын.

РКС: Қазақ даласын әнмен тербеген Шәмшінің 300-ден астам сазды әуені бірнеше ұрпақты сусындатып келеді. Қатысушылар композитордың әндерін өзіндік нақышқа салып, бірі эстрадалық бағытта орындаса, енді бірі фольклорлық ансамбльдің сүйемелдеуімен кавер нұсқасын да ұсынды. Өнер сүйер қауым композитордың «Ақ ерке – Ақ Жайық», «Қарагөз», «Арыс жағасында», «Жіберілген хат», «Мені ойлап жүрмісің», «Шолпаны Шығыстың» атты әндерін ерекше ықыласпен қабылдады. Қазылар алқасы қатысушыларды әнді дұрыс таңдауы, киім талғамы, сондай-ақ орындау шеберлігіне қарай бағалады. Байқау қорытыныдысы бойынша Қосшы қаласының намысын қорғаған Бақберген Жеңіс бас жүлде иегері атанды.

СНХ:ЖЕҢІС БАҚБЕРГЕН, БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ: Шәмші атамыздың әндері ешқашан өшпейді. Онсыз ешбір кеш өтпейді. Алдағы уақытта да осындай жарыстар көп болса деп тілеймін. Шәмші атамыздың әндері мәңгілік болсын. Негізі өзім алам деп ойлаған жоқпын, шыны керек, біраз толғып тұрмын. Бірінші кезеңде ұқшақ жайған қандай ән орындадым. Гала-концертте Жіберілген хат деген әнді орындадық. Негізі соңғы орындаған әнім көп айтыла бермейтін ән. Негізі байқаудың мақсаты көп орындалатын әндерді емес, халыққа жетпейтін, естілмейтін әндердің орындау. Осы ән менің бағымды ашты.

РКС: Ал 1-ші орынды Целиноград ауданының «Достар» вокалдық тобы иеленді. Жүлделі 2-ші орынға Аршалы ауданынан келген Әйгерім Ахметова лайық деп танылса, 3-ші орынды көкшетаулық Аида Әбілқасым жеңіп алды. Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ