ДИКТОР: Қазақстан Республикасында тіл саясатын жүзеге асыру жөніндегі тұжырымдама 2023 жылы қазан айында Үкіметтің қаулысымен бекітілген. Өңірде осы тұжырымдаманың барысы және оның іске асыру жөнінде жоспары талқыланды.
РКС: Облыстық ішкі саясат басқармасы Көкшетау қаласының әкімдігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасында тіл саясатын жүзеге асырудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру туралы жиын өткізді. Шарада «Тіл туралы» Заңның орындалуы талқыланды.
СНХ: АЙГҮЛ ТАЛПАҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОНОМАСТИКА БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Бұл жиында тұжырымдамадағы негізгі тармақтар, бағыттар бойынша әңгіме айтылады. Сондай-ақ, мемлекеттік мекемелердегі іс-қағаздардың жүргізу мәселесі, мемлекеттік мекемелерде «Тіл туралы Заңның» орындалу барысы мәселесі де қозғалады. Яғни, Көкшетау қаласындағы мемлекеттік мекемелердегі «Тіл туралы Заңның» және тұжырымдаманың орындалу барысы талқыланатын болады. Алдағы уақытта Қосшы қаласында, Степногорск қаласында және барлық облысымыздың аудандарында тұжырымдаманың орындалу барысы туралы мәселе жалғасын табатын болады.
РКС: Көрнекі ақпарат еліміздегі қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсер ететін фактор. Сарапшылардың айтуынша, «Тіл туралы» Заңның нормалары жиі бұзылады. Бұзушылықтарға наразы болған азаматтардан 200-ге жуық арыз-шағым түсті.
СНХ: ӘДІЛЖАН ӘМІРХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Мемлекеттік тілдің сауатты әрі дұрыс қолданудың қадағалау мақсатында Республика бойынша мемлекеттік мекемелердің ресми интернет ресурстарға мониторинг жүргізілді. Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы Қазақстан Республикасы Заңның» 4-ші бабымен «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 16-шы бабының талаптарына негізделді. 16-шы бапта интернет ресурстағы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде берілу тиіс. Ақпарат иеленушінің интернет ресурстың басқа тілдердердегі нұсқалары да болуы мүмкін делінген.
РКС: Шара барысында облыстың оқу орындарында мемлекеттік тілді қолдану мәселелері де талқыланды. Мәселен, өңірдегі 29 колледждің ішінде біреуі мемлекеттік тілде, бесеуі орыс тілінде, 23-і қазақ және орыс тілдерінде білім береді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында17 мыңнан аса бала қазақ тілінде, 3 мыңнан астам бала орыс тілінде тәрбие алады.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.