ДИКТОР: Биыл Аршалы ауданына 36 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. Бұл қаржының көмегімен бірқатар жоба жүзеге асырылуда. Жұмыс сапары аясында облыс әкімі Марат Ахметжанов Аршалы кентіндегі кәсіпорындардың тыныс-тіршілігімен танысып, Агротехникалық колледжіндегі реновация бағдарламасының орындалу барысын тексерді.

РКС: Аршалы ауданындағы "Аршпал" темір-бетон шығаратын зауытына жаңа инвестор келді. Ол алдағы уақытта өндіріске 5 миллиард теңгеден астам инвестиция құюға дайын. "Аршпал" зауыты жоғары сұранысқа ие өнім шығарады.

СНХ: ДІНМҰХАМЕД КУЗИЕВ, КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 15 мың шаршы метрден асатын өндірістік цехта керекті нәрсенің бәрі бар. Біз өнімді басқа елге эскпорттаймыз. Сондықтан мұнда темір жолдың тұйық жері мен үлкен аумақ бар. Бұған дейін Оңтүстіктен Ресейге шпал шығара алмадық. Ал енді бұл жерде шекара салыстырмалы түрде жақын болғандықтан, біз қазірдің өзінде бекіткіштері бар шпалдарды осы жерден экспорттай аламыз. Біз шпал жабдықтарын толық жөндеуден өткіземіз. Бүгінгі таңда 30-дан астам техника әкелдік. Бұл зауыттың қуаттылығы сағатына 1 мың шпал шығаруға мүмкіндік берді. Желтоқсан айында 3 мың шпал шығаруды жоспарлап отырмыз. Яғни сыйымдылықты үш есе арттырамыз.

РКС: Қазір кәсіпорында 100 адам жұмыс істейді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 2,5 есеге арттыру көзделуде. Мұнда барлығы 700-ден астам жұмыс орны ашылады. Іске асырылған инвестициялық жобаларды тексеруді жалғастырған облыс әкімі «KazSpetsKomplekt» серіктестігінде барды. 2013 жылдан бастап олар тау-кен жұмыстарына арналған электр қозғалтқыштары мен генераторларын жөндеумен айналысуда. Өңірдің дамуы оның кәсіпорындарының өсуіне тікелей байланысты, - деді Марат Ахметжанов. Өйткені, тұрақты жұмыс – халықтың әл-ауқатының кепілі.

ИНТЕРШУМ:

        Это лицензированное предприятие?

- Да. Не каждый же может ремонтировать такое.

- Зарплата сколько у вас средняя?

- Минимальная зарплата от 280 и выше. У нас идет почасовая.

РКС: Бұдан кейін аймақ басшысы Марат Ахметжанов Аршалы кентіндегі Агротехникалық колледжді аралап көрді. Білім ошағы ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету саласына арнайы мамандарды дайындайды. Оқыту дуальды жүйе бойынша жүргізіледі. Аймақ басшысы білім басқармасына колледжге ауыл шаруашылығы кәсіпорнын бекітуді тапсырды. Оқу процесінің тиімділігін арттыру үшін құрал-жабдықтарды жаңарту мүмкіндігі де қарастырылуда.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүгінде егіс алқабына барсаңыз, мұндағы техника емес, басқа техникалар бар. Яғни, іс жүзінде студенттердің дайындықсыз келетініне көз жеткіземіз. Содан кейін олардың шаруашылық басшылары оларды қайта оқытады.

РКС: Келер жылы колледж қабырғасында жаңа мамандық ашуды жоспарлап отыр. Мұнда олар газ қондырғыларының жұмысшыларын оқытпақ. Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі жөндеу бағдарламасы бойынша бой көтеріп жатқан тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Жыл соңына дейін Аршалы ауылында 100 пәтерлі көпқабатты үй ел игілігіне берілмек. Тозығы жеткен 8 пәтерлі үй мен ескі гараж ғимараттарының орнында заманауи жайлы тұрғын үй пайда болады. Реновация бағдарламасы Бурабай, Зеренді, Бұланды аудандары мен Көкшетау қаласында сәтті жүзеге асырылып жатқанын айта кеткен жөн.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ