ДИКТОР: Президент осы жолғы Жолдауында еліміздегі туризмді дамытудың жаңа бағдарын айқындап берді. Инфрақұрылымды жаңғырту, мамандарды даярлау және туристерді жыл бойы үздіксіз қабылдау мәселесі қойылып отыр. Облысбойынша бұл міндеттер қалай жүзеге асырылуда? Тілші баяндасын.

РКС: Мемлекет басшысы инфрақұрылымға баса назар аудару қажеттігін айтты. Енді ұлттық парктердің аумағындағы инженерлік және көліктік нысандарды жергілікті атқарушы органдар салады. Мұндай тәсіл жобаларды жүзеге асыруды жеделдетіп, жұмысты нақтылай түсуге мүмкіндік берелі, деп атап өтті Мемлекет басшысы.

СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Тағы бір маңызды мәселе, бұл – туризм. Жалпы, бұл салада біраз түйткілді мәселе бар. Шынын айту керек, кәсіби кадрлар тапшы. Осы саладағы бәсекеге қабілетіміз әлі де шамалы. Мен шілде айында туристік жерлердің барлығын ретке келтіру туралы тапсырма бердім. Бұл жұмыс менің жеке бақылауымда. Жұрт жиі баратын демалыс орындарынан бөлек, болашағы зор басқа да бағыттардың әлеуетін арттыру маңызды. Міндеттердің ара-жігін ажыратып алған жөн. Жергілікті атқарушы органдар әрдайым туризм инфрақұрылымын жан-жақты дамытуға баса мән беріп, осы жұмысқа жауапты болады. Ал шетелден туристер тарту мәселесі және отандық туризм саясатын заң тұрғысынан қамтамасыз ету орталық органдардың назарында болады.

РКС: Заманауи инфрақұрылымды жасақтау мәселесі толығымен шешілген жағдайда қазақстандық курортты аймақтар күллі әлемге танылып, ұлттық бренд қалыптасады,-деп атап өтті Мемлекет басшысы. Аймақтың басты назары – Бурабай курортында. Наурыз айында Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспары бекітілді. Алдағы жылдары мұнда жаңа жолдар, электр желісі мен сумен жабдықтаудың заманауи жүйесі пайда болады.

СНХ: АНДРЕЙ ПОДГУРСКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бурабай курорты еліміз бойынша туризмі дамыған үш орталықтың бірі. Бұл кешенді жоспар Бурабай курорты бойынша инженерлік, көліктік және туристік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. 5 жыл көлемінде 111 шақырым электр желісі, 40 шақырымнан астам жол салынбақшы. Бурабай курорты көліктік логистика аясында қамтылған. Сонымен қатар Щучинск қаласында, Бурабай елдімекенінде кәріз, су құбырын жаңғырту жұмыстары бойынша ауқымды жұмыс жүргізіледі.

РКС: Жолдауда айқындалған тағы бір міндет – білікті кадрларды даярлау. Аймақта студенттерді оқыту және курортты аймақтардағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға қатысты жұмыстар атқарылуда. Студенттерге практика өту кезінде жеңілдетілген шарттар ұсынылады. Кейін олар сол жерге жұмысқа тұра алады.

СНХ: АНДРЕЙ ПОДГУРСКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: ПБіліктілігіні арттыру курстары, оқыту семинарлары ұйымдастырылып тұрады. Студенттерге жеңілдетілген білім гранттары да ұсынылады. Оқуын аяқтаған соң қонақ үй, демалыс орындарында жұмысқа қалдыру мақсатында жасалып отырған шара.

РКС: Үшінші бағыт – курортты аймақтарды жыл бойы үздіктсіз туристерді қабылдауға дайындау. Ақмола облысында көрсеткіштердің біршама артқанын байқауға болады. Биыл 1,5 миллиондай сырттан қонақ келеді деген болжам бар. Туризм басқармасы Президент Жолдауында белгіленген барлық міндет кезең-кезеңімен әрі жүйелі түрде жүзеге асырылатынын мәлімдеді.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ