ДИКТОР: Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы. Қазақстан - татулық пен тұрақтылықты насихаттайтын ел. Түрлі этностар мен діни топ өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Олар елдің өркендеуіне зор үлес қосып жүр. Солардың бірі - Надежда Кашкевич. Красный Ярдағы екінші мектепте бастауыш сынып мұғалімі. Кейіпкерімізбен тілшіміз Евгений Варанкин жүздесіп қайтты.

РКС: Надежда Сергеевна Красный Ярдағы мектепте бастауыш сынып мұғалімі. Мектеп табалдырығын имене аттаған балғын оқушылардың тілін таба білген сүйікті ұстаз. Оқушыларына сабақ барысында заманауи технологияларды қолданады. Шәкірттері мектепішілік, мектептен тыс іс-шараларға белсене қатысып, жоғары білім деңгейін көрсетіп жүр. Орыс сыныбына сабақ береді. Бірақ, мемлекеттік тіл қашан да менің жаныма жақын, - дейді кейіпкеріміз.

СНХ: НАДЕЖДА КАШКЕВИЧ, КРАСНЫЙ ЯРДАҒЫ №2 МЕКТЕПТІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ: Зеренді ауданы Ақадыр ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келдім. Мектебімізде орыс мектебі жабылғаннан кейін Ақадыр ауылында жаңа мектеп салынған болатын. 00:41 Жаңа мектеп табалдырығын 3-ші сыныптан бастап 9-шы сыныпқа дейін қазақ мектебін бітірген болатынмын. Кішкентай жасымнан бастап бастауыш сынып мұғалімі болуды армандап едім. Қазақ тілін үйренуде маған бастауыш сынып мұғалімі Хайбар Шынарқызы үйреткен болатын. Кешкі уақытта бәріміз үстел үстінде жиналып, алфавиттен бастап сөздерге дейін үйреткен болатын. Барша қазақстандықтарды қазақ тілін үйренуге шақырамын. Өйткені қазақ тілі – мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тілді Қазақстанның әрбір азаматы білуі тиіс.

РКС: Надежда Кашкевич Жанайдар Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжін 2016 жылы аяқтап, бірден осы мектепке бастауыш сынып мұғалімі болып орналасады. Әріптестері өзгелерге үлгі етеді.

СНХ: АЛТЫНАЙ СҰЛТАНОВА, КРАСНЫЙ ЯРДАҒЫ №2 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ: Сабақтарында қазіргі заманға сай технологияларды қызықты етіп пайдаланады. Оқушылары қалалық, облыстық сайыстарға белсене қатысады. Өзі де 2024 жылы өткен «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысқа қатысып, жүлделі 1-ші орынға ие болды. Үнемі өзінің сабақ барысында, мектептен тыс шараларға қазақ тілін жақсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатады. Қазіргі таңда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын мектебімізде жүзеге асырып келеді. Әріптестері арасында өте сыйлы, беделі мол ұстаз деп айтуға болады. Қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілін жетік меңгерген маман. Осындай мамандар біздің мектебімізде жұмыс істеп жатқанына біз мақтан етеміз.

РКС: Бүгінде Қазақстанда 20 миллионнан аса азамат тұрады. Оның 800 мыңға жуығы Ақмола облысын мекен еткен. Орыс этнос өкілдерінің саны 174 мыңнан асады. Оның ішінде қазақ тілін жетік меңгерген азаматтардың саны да аз емес. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, қазақ жерін «Отаным» деп есептейтін өзге этнос өкілдері қазір өте көп. Әрине, тілін меңгеріп ғана қоймай, салтын, дәстүрін ұстанып, қадір тұтады.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.