ДИКТОР: Бурабай және Ерейментау аудан әкімдері, сондай-ақ «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері жол картасы бойынша орындалмаған шаралар туралы Саяси кеңес Бюросының отырысында есеп берді. Мәселен, мәдениет нысандарын жөндеу, сумен жабдықтау және су бұру нысандарын салу және қайта құру әлі шешілмеген мәселе болып қала бермек.
РКС: Отырыс барысында Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Щучинск қаласында нөсер кәрізінің құрылысы мәселесін көтерді. Ол сапасыз орындалған жұмыс, түрлі анықталған ақаулар салдарынан жоба ұзақ құрылысқа айналғанын атап өтті. Осылайша қаражат игерілмеді, - деді кездесу барысында.
СНХ: СОВЕТ НҰРҒАЗИН, БУРАБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 2020 жылдан бастап жүзеге асырылуда, 2021 жылы республикалық бюджет есебінен 319 млн.теңге бөлініп, игерілді. 2022 жылы 135 млн. теңге игерілді. 2024 жылы жобаға түзету енгізілді. Аудандық бюджеттен жұмыстарды аяқтауға 51,9 млн. теңге бөлінді. Бұл жоба «сақалды» құрылысқа айналды. 4 жыл болды. Биыл 5 жыл болады. Өткен жылдан бастап әкімдік мердігерді жосықсыз деп тану туралы сотқа жүгінді.
РКС: Бұдан соң облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының басшысы атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді. Мәселен, халықтың өтініштері бойынша, сайлау алдындағы бағдарламаның "Жол картасын" орындау аясында фракция мүшелері 1,5 мыңнан астам депутаттық сауал жолдаған. Халықтың түйткілді мәселелері бойынша аудандарға 300 іс-сапар жасалды.
СНХ: БЕРГЕН БЕСПАЛИНОВ, ОБЛЫСТЫҚ МАСЛИХАТТАҒЫ «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Депутаттық фракция су тасқыны кезіндегі халыққа көмек көрсету жөніндегі барлық шараларға, түрлі партиялық жобаларға белсенді қатысады. Мысалы, «Мектепке жол» жобасы аясында фракция мүшелері 30 млн. теңгеден астам сомаға көмек көрсетті.
РКС: Былтыр депутаттар 995 қабылдау өткізді. Көтерілген мәселелердің көбі оң шешімін тапты. Көбіне азаматтардан тұрғын үй-коммуналдық, әлеуметтік қолдау, жер мәселесі, сондай-ақ жұмыспен қамту және еңбек дауларына қатысты өтініштер келіп түскен.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ