ДИКТОР: Көкшетауда «Volunteer life» атты волонтерлерді оқыту семинар-тренингі өтті. Шара барысында волонтерлік қызметтің маңыздылығын арттыруға, белсенді жастардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау және оларды жаңа біліммен қаруландыруға баса назар аударылды. Сонымен қатар, қатысушылар көшбасшылық қабілеттерін дамытып, түрлі дағдыларды меңгеру мүмкіндігіне ие болды. Тілшіміз Нұрсәуле Мұратқызы жалғастырады.
РКС: Қазіргі кезде аймақтағы волонтерлердің ең жасы 14-те, ең үлкені 25 жаста. Бұл кездесуде олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, волонтерлік қызметтің қоғамға тигізетін оң әсерін талқылады. Жастарға волонтерлік қызметтің қыр-сырын ашатын арнайы видеофильм көрсетілді.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ДАНИАЛ ЖАҒЫПАР, ҚАТЫСУШЫ: «Volunteer life»2025 жылғы осы тренинг-семинарға қатысып келе жатырмын. Жалпы өзімнің волонтерлік тәжірибеме тоқталатын болсам, 2-жылдан асты волонтерлік салада белсенділік танытып келемін. Осы іс-шара маған өте қатты ұнады. Өйткені, осы жерде негізгі жастардың комьюнитисасы жиналған болатын.Оған қоса осы іс-шара құнды тәжірибелерге толы болды. Яғни, Ақмола облысының жастарымен бірге отырып, әртүрлі тақырыптар ашық талқылауға алынды.
РКС: Кездесуге спикерлер ретінде қоғам белсенділері, тәжірибелі волонтерлер мен жастар ұйымдарының басшылары қатысты. Олар волонтерлік қызметтің қыр-сырын ашып, өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, волонтерлік жобаларды басқару, командалық жұмыс, қоғамдық шараларды ұйымдастыру және әлеуметтік бастамаларға қолдау көрсету сияқты маңызды тақырыптар талқыланды. Семинар-тренинг барысында қатысушыларға сұрақ-тапсырмалар берілді. Бұл жұмыстың барлығы- білім алушы жастарды волонтерлік бағытқа бейімдеу- дейді ұйымдастырушылар.
СНХ: ТЕМІРЛАН МЕҢДІБАЙ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Жалпы осы волонтерлік бағытты жылда қолдаймыз. Себебі, өздеріңіз білесіздер 2024 жылы көктем айында болған су тасқынында біздің волонтерлар көп көмек көрсетті.Біздің елімізде яғни волонтерлік бағыттың дамып жатқанын көрсетеді.
РКС: Іс-шараның тағы бір маңызды жаңалығы – қаладағы волонтерлердің жетістіктері мен олардың белсенді жұмыстары туралы ақпарат беретін арнайы кітапшаның жарық көруі. Бұл басылым олардың еңбегін насихаттауға, жетістіктерін кеңінен таныстыруға бағытталған. Кітапшада волонтерлердің жеке оқиғалары, олардың жеткен жетістіктері мен алдағы мақсаттары туралы материалдар көрініс тапқан.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.