ДИКТОР: Жолдағы апаттардың алдын алуға бағытталған "Қауіпсіз жол" республикалық іс-шарасы аясында ақмолалық полицейлер екі күнде 10 лауазымды тұлғаны жауапқа тартты. Облыстың жолдарына 24 тексеріс ұйымдастырылған. Іс шара барысында халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар мен елді-мекендегі көше жолдары мұқият тексерілді. Нәтижесінде жолдарды қардан сапалы тазартпаған коммуналдық қызмет басшылары жазаланды. Жалпы, жыл басынан полиция қызметкерлері 65 лауазымды тұлғаны жауапқа тартты.

СНХ: ЕРБОЛАТ ҚҰСАЙЫНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Осындай фактілер Есіл, Жарқайың, Бұланды, Сандықтау аудандарында анықталған. Жалпы айтқанда, іс-шара барысында бір мыңнан астам жол саласындағы құқық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде 20-сы көлікті мас күйінде жүргізген. 23-і жолаушыларды мемлекеттік кірістер органдарына тіркемей заңсыз тасымалдағаны, 300 факт қауіпсіздік белбеулерін тақпай, көлік жүргізгені. Осындай фактілер Есіл, Жарқайың, Бұланды, Сандықтау аудандарында анықталған. Жалпы айтқанда, іс-шара барысында бір мыңнан астам жол саласындағы құқық бұзушылықтар анықталды.