ДИКТОР: Салтанат сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапхананың ұйымдастыруымен Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының 165 жылдығына арналған "Қазақтың Үкілі Ыбырайы" атты әдеби-сазды кеш өтті. Бұл жиында бас қосқан студенттер мен мектеп оқушылары әнші-сазгердің өмірімен және шығармашылығымен жақынырақ танысты.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Халық арасында "Үкілі Ыбырай " атымен танымал әнші, сазгер, композитор Ыбырай Сандыбайұлының туғанына биыл 165 жыл. Халыққа Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығын насихаттап жүрген Сәрсенбай Хасенов сазгердің өмірінен сыр шертіп, әндерінің шығу тарихымен таныстырды.
СНХ: СӘРСЕНБАЙ ХАСЕНОВ, ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ: Үкілі Ыбырайдың тағдыры да, өмірі де, өнері де ерекше тұлға. Және оны қадірлеп қастерлеу де біздің жерлестер, әсіресе Көкшетаулықтардың үлкен жауапкершілігі. Оның әндерін жеткізу, оның өнерін, оның шығармаларын жастарға, осы елге жариялап тұру осы мақсатта біздер Үкілі Ыбырай филармониясының екі әншісі келдік.
РКС: Бұдан бөлек Үкілі Ыбырайдың немересі Елемес Есепқызының естелігі негізінде түсірілген "Өмір жолы" атты бейнефильм көрсетілді. Шараны ұйымдастырушылар Үкілі Ыбырайдың мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуді көздейді. Екіншіден, жастардың бойында қазақ өнері мен мәдениетіне деген құрмет сезімін қалыптастыру.
СНХ: БАҚЫТЖАН АЙДОСОВА, "САЛТАНАТ САРАЙЫ" ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ ҮЛГІЛІ КІТАПХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Біздің шарамыздың басты мақсаты: жас ұрпаққа сал-серілер поэзиясында олардың ойларын тереңдетіп, үкілі сал-серілерге тән ортақ қасиеттерін танып білуіне, және Үкілі Ыбырайдың өзіне ғана тән қасиеттерін ерекшелеп, олардың өлеңдерімен, әндерімен таныстыру болып тұр. Сондықтан оқушыларымызға эстетикалық тәрбие беріп, өнерді сүюге, бағалауға біршама үлесімізді қосамыз деген сенімдеміз.
РКС: Кеште сазгердің атындағы облыстық филармонияның дәстүрлі әншілерімен қатар, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі студенттерінің орындауында Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының "Желдірме", "Гәкку", "Қалдырған" сияқты танымал әндері шырқалды.
ИНТЕРШУМ: "Қалдырған " әнінен үзінді
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ