ДИКТОР: Биыл қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл. Атаулы датаға орай Солтүстік Қазақстан облысындағы Сәбит Мұқанов әдеби-мемориалдық музей үйінің қорынан жинақталған «Даладай дархан, дарабоз Сәбең!» атты жылжымалы көрмесі Көкшетауға келді. Аталған көрме Мәлік Ғабдуллин мұражайында ұйымдастырылды.

РКС: Жылжымалы көрмеге жазушының киген киімдері, көзінің тірісінде қолданған заттарынан жинақталған жәдігерлер қойылыпты.

СНХ: ӘЛИЯ СӘРСЕКОВА, С. МҰҚАНОВ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ МУЗЕЙІ ҮЙІЙІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Биыл қазақ әдебиетінің классигі, 20 ғасырдың көрнекті жазушысы, ақын-академик Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл. Атаулы датаға байланысты бұл көрмеге өткен ғасырдың ең құнды, эксклюзивті экспонаттары ұсынылды. Бұл жазушының жеке заттары, баспа машинкасы, жазушының хаттары мен шығармалары.

РКС: Аталған көрмеге жазушының туған елінен 87 жастағы Мәдениет Иманжанов ақсақал да арнайы келген екен.

 СНХ: МӘДЕНИЕТ ИМАНЖАНОВ, СӘБИТ МҰҚАНОВ АУЫЛЫНЫҢ ТУМАСЫ: Сәбиттің әкесі орныққан туған ауылы Темирязев ауданы, Докучаев совхозы. Сол жерде Сәбиттің әкесі Мұқанға, шешесі Балсарыға мрамор тас орналастырылған ескерткіші тұр. Темірден қоршалған. Сәбитті сонау Жаманшұбардан Жамбыл ауданына көшіріп апару себебі, айдала ағаш жоқ, күнкөріс қиын, маңайында халық жоқ. Сондықтан да Сәбит Петропавлда қызмет істеп тұрған кезінде қазіргі орналасқан Сәбит ауылына әкеліп орналастырған.

 РКС: Сәбит Мұқановтың ауылынан келген ақсақалға көкшеліктер қазақы дәстүрмен иығына шапан жауып, әдемі әнмен қорытындылады. Айта кетейік, “Даладай дархан, дарабоз Сәбең!" жылжымалы көрмесі бір апта бойы Мәлік Ғабдуллин музейінде көрермен назарына ұсынылмақ.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ