ДИКТОР: 21 ақпан-экскурсия жүргізушілері күні. Оны Дүниежүзілік гидтер қауымдастығының Федерациясы бекіткен. Осыған байланысты облыс орталығында қызметкерлер үшін шеберлік сыныптары өтті. Олар жасанды интеллекттің жұмысын зерттеу мүмкіндік алды, экскурсия кезінде ақпарат беру үшін білімнің маңыздылығы айтылды.
РКС: Экскурсия жүргізушілер - бұл музейдегі әдеттегі тамашалауды қызықты саяхатқа айналдыратын адамдар. Тарихтың ішіне жасырынған құпияларын біліп, тіпті ежелгі экспонаттардың өзін "сөйлететін" жандар. Бүгінгі таңда Көкшетау қаласы бойынша 10-ға жуық экскурсия жүргізушісі жұмыс істейді.
СНХ: ВЕРОНИКА АНТИПОВА-АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ: Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайы да бұл мерекені айналып өтпейді.Сол үшін бүгін біз кәсіби мерекемен құттықтау, сондай-ақ бірқатар шебер-сыныптар өткізу үшін қаланың барлық мұражайларынан барлық экскурсовод-әріптестерімізді шақырып отырмыз.
РКС: Іс-шара музей қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, білімді тереңдетуге, жұмыстың инновациялық түрлерін енгізуге және жандандыруға, тәжірибе алмасуға бағытталған.
СНХ: ДИНА БЕЙСЕМБАЕВА - ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Біздің экскурсия жүргізушілері - бұл нағыз еңбек адамдары, шығармашылық адамдар, мәдениет адамдары, Олар халықаралық, республикалық, түрлі деңгейдегі іс-шараларда, көрмелерде, облыстың бай тарихи-мәдени мұраларын көрерменге ұсынады. Бірнеше ай бұрын, бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті, онда Ақмола облысы кең мәдени бағдарламаны ұсынды, және облыс мұражайларының экскурсия жүргізушілері лайықты жұмыстарын ұсынды.Олар әрбір қонаққа, әрбір туристке, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының әрбір қатысушысына біздің облыстың және жалпы Қазақстанның бай мәдениетін, тарихын, дәстүрлерін жеткізді.
РКС: Іс-шарада Көкшетау қаласы мұражайларының директорлары құттықтау сөз сөйледі. Кездесу қорытындысы бойынша экскурсоводтар арнайы грамотамен марапатталды.
ИНТЕРШУМ:
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ