ДИКТОР: 23 ақпан - шешен, ингуш халқының депортация құрбандарын еске алу күні. 1944 жылы Қазақстан аумағына жарты миллионға жуық тау халқын еріксіз қоныс аударды. Мұрағатта бар ақпараттарға сүйеніп айтар болсақ, Ақмола облысына 7 мыңға жуық отбасы жер аударылған. Күштеп қоныс аударылғандардың ұрпақтары, 1 мыңға жуық адам бүгінде Сандықтау ауданына қарасты Срасная поляна ауылында тұрып жатыр. Қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында ауыл тұрғындары жиналып,

РКС: 1944 жылдың ақпаны шешен және ингуш халқының өміріне үлкен қайғы қасірет әкелген кезең. Сол кезде мыңдаған отбасы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Көпшілігі жақындарынан айырылып, туған жерінен алыстап, еріксіз күштеп қоныстанудың құрбаны болды. Сол кезеңде яғни мигранттар легінің Қазақстанға еріксіз күштеп қоныс аударылған шақта жергілікті халықтың да жағдайы қиын болатын. Соған қарамастан жергілікті тұрғындар оларды жанашырлықпен қарсы алып, қолдан келген көмектерін көрсетті. Көптеген шешен және ингуш отбасылары осы жерден баспана тауып, олардың қиын шақта аман қалуына септігін тигізді.

СНХ: ЖАМУЛ МУСХАНОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АҚМОЛА АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Өкінішке орай уақыт, тағдыр адамға аяусыз ғой. Басымыздан ауыр кезең өтті. Қазір депортацияны еске алатындар да аз. Бізге бұл қасіретті ұмытпай ұрпақтан-ұрпаққа айтып отыру парыз. Сол жылдары қазақ жерінде көз жұмған, жерленген адамдардың зиратын табамыз. оған жергілікті халық яғни қазақтар көмектеседі. Мысалы мынадай жерде көп адам жерленген деп болжайды. Кей орындардан жерленген адамдардың аты жөнін табамыз. Ол кісілерге айтар алғысымыз шексіз әрине. Мейірімділік, жанашырлық танытқан қазақ халқына алғыс айтамыз әрине. Ал біздің Қазақстандағы міндетіміз – бейбітшілік пен достықта өмір сүріп, елдің бірлігін нығайтуға үлес қосу. Қазақстанымызда тыныштық пен тұрақтылық мәңгі болсын!

РКС: Красная Поляна, Арбузинка мен Петриковка ауылдарының арасы өте жақын орналасқан. Мұнда жыл сайын 23 ақпан еске алу шарасы ұйымдастырылады. Мал сойылып, еті көмекке мұқтаж отбасыларға беріледі.

СНХСНХ: АҢСАР ИБАЕВ, БІРЛІК СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: 1944 жылы бұл селолық округке 16 отбасы әкелінген екен. Олар Арбузинка, Петриковка, Красная Поляна ауылдарына шоғырландырылған. Одан соң 1957 жылы комендатураны алып тастаған кезде Шешен-Ингуш автономиясы қалыпқа келтірілді. Қостанайдан, Шортанды мен Қарағандыдан көқптеген шешен этносы осында қоны аударып келді. Содан бері 3-4 ұрпақ осы жерде өмір сүріп жатырмыз. Ақсақалдар алқасы бірауыздан бұл ауылдардың атауын өзгертуге шешім қабылдадық. Құжаттар облыста бекітілуде жатыр. Бірлік, Тұмар, Ақкент деп атамақшымыз. Бұл шешендердің, барлық тұрғынның шешімі. Бұл екінші Отанымыз емес, біз біздің жалғыз Отанымыз- ол Қазақстан Республикасы.

РКС: Қазақстанға депортацияланған халық алғашында бас сауғаласағ кейін екінші Отанын тапты. Ауыр кезең жайлы естелік бірегейліктің ажырамас бөлігі ретінде мәңгілікке сақталып қалмақ. Қайғылы кезеңнің өзінде жақсылық жасау, сүрінгенге сүйеу болу, қолындағы барымен бөлісу қасиеті жоғалған жоқ. Бірегейлік, бірлік, ізгілік кез келген зұлымдықты жермен жексен етері сөзсіз,-дейді кейіпкерлер.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.