ДИКТОР: Әскери-техникалық мектебі Щучинск филиалының 41 түлегі ант қабылдады. Бұл биылғы сарбаздардың алғашқы легі. Салтанатты рәсімге жас курсанттардың туыстары, достары мен оқытушылары қатысты.
РКС: 41 тәрбиеленуші елге қызмет етуге және қорғауға дайын екендігін растап, отанға адал болуға ант берді. Олар 40 күндік курсты сәтті аяқтап, қызмет сертификаттарын алды. Шыңғыс Балташ та солардың қатарында.
СНХ: ШЫҢҒЫС БАЛТАШ, ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕБІ ЩУЧИНСК ФИЛИАЛЫНЫҢ ТҮЛЕГІ: Көзді ашып жұмғанша 40 күн де өтіп кетті. Асыға күткен әскери қызметіміз өз мәресіне жетті. Шын мәнінде көңілім толық. Әскери өмірдің қызығы мен шыжығын бәріміз бірге осы жерде көрдік. Білім алдық, біліктілік алдық. Төзімділікке , батырлыққа үйрендік. Әскери техникалық қызметтің басшылығына, ұжымына, оқытушыларына ерекше алғысымды , ілтипатымды білдіремін.
РКС: Өткен жылы 243 жас осы әскери мектептің қабырғасында оқудан өтті. Бұған дейін жыл сайын әскери-техникалық мектебі Щучинск филиалы тыңдаушыларының жеті легі шығарылған еді.
СНХ: ДУАНБАЙ ЫБЫРАЙ, ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕБІ ЩУЧИНСК ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Егер былтыр 7 топ болса болса, биыл 8 топ болады. Әр топтан 30-35 адам дайындаймыз. Сондықтан биыл жоспар бойынша 250-ге жуық тәрбиеленушіні дайындаудамыз. Әскери-техникалық мектепке бірінші кезекте Астана, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының балаларын қабылдаймыз.
РКС: 24 пен 27 жас аралығындағы жастардың қысқартылған бағдарлама бойынша және ақылы негізде әскери қызмет өтеу мүмкіндігі бар. Қызмет аяқталғаннан кейін олар көптен күткен әскери билеттерін алады.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ