ДИКТОР: Көкшетау қаласында Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының «Туған жер» ансамблі «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пластикалық спектаклін қойды. Тілшіміз Сабина Жамшитова баяндайды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың махаббат аңызы қазақтың ұлы эпостарының бірі. Бұл қойылымның бір ерекшелігі–заманауи театр мен хореографияның жаңа көзқарас тұрғысынан бірігуі. Қозы мен Баянның бір-біріне деген махаббатының көрінісі би мен дене қозғалысы арқылы өте нәзік әрі терең жеткізілсе, олардың арасындағы қақтығыстар мен қайғылы оқиғалар сахнада динамикалық және әсерлі түрде ұсынылды.

СНХ:ГҮЛДАНА ЧОКПАРОВА, КӨРЕРМЕН: Би қойылымдары өте ұнады, актерлардың бишілердің өзінің жан дүниесін осы поэманың осы махаббат туралы әңгімені өз жүректерінен біздерге сездірді. Маған қатты ұнады.

РКС: Көрермен назарына ұсынылған туынды шынымен де ерекше. Пластикалық спектакльде әртістер оқиғаны, кейіпкердің жан дүниесін би арқылы суреттеді. «Туған жер» ансамблі пластикалық қойылымды ұзақ дайындаған.

СНХ: МАКСИМ ТОНКОВ, «ҚОЗЫ КӨРПЕШ-БАЯН СҰЛУ» ПЛАСТИКАЛЫҚ СПЕКТАКЛІНІҢ ҚОЮШЫ-РЕЖИССЕРІ: Шын мәнінде, дайындық өте ұзақ жүрді, шамамен бір жылдай ойланып-толғанып, жоспарладық. Жарық, LED экрандағы көріністерді, бәрін бүге-шігесіне дейін орналастыру ретін, яғни әрбір қадамды мұқият ойластырдық. Қазақстанда қонақжайлылық қашан да жоғары бағаланады ғой. Ақмола облысы бізді құшақ жая қарсы алды.

РКС: «Туған жер» ансамблі осы қойылым арқылы қазақтың рухани байлығының қаншалықты терең екенін көрсетті. Осылайша олар ұлттық мәдениеттің жаңғыруына зор үлес қосып отыр.

САБИНА ЖАМШИТОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ