ДИКТОР: Аманат партиясы жанындағы "Жастар рухы" жастар қанатының ұйымдастыруымен Жас саясаткер клубына 16 мен 35 жас аралығындағы азаматтарды іріктеу өтті. «Жас саясаткер» клубы жастар арасында саяси сауаттылықты арттырады. Қазақ тілінде және орыс тілінде 40 қатысушыдан тұратын екі топ ашылмақ. Үш айлық оқыту курсы өтеді. Аталған курста жастар үшін көпшілік алдында сөз сөйлеу, саяси коммуникациялар, жоба басқару, көшбасшылық дағдыларына арналған тренингтер мен Қазақстанның қазіргі саяси құрылымы туралы дәрістер қамтылатын болады.
СНХ: АЯЖАН МҰСТАХИМ, СТУДЕНТ: Менің «Жас саясаткер» клубына келу себебім өзімнің саяси білімімді кеңейту және де қоғамның белсенді мүшелерімен, олармен танысып, олармен байланыс құру. Оған қоса, өзімнің көшбасшы және шешендік дағдыларымды дамыту. Қоғамдағы болып жатқан өзекті мәселелерді шешуге көмектесу. Қоғамның белсенді мүшесі болуға деген қызығушылық пайда болды.