ДИКТОР: Сандықтау ауданында туристік көпсайыс пәні бойынша спорттық туризм бойынша Қазақстан Республикасының ашық Чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа Астана, Ақтөбе, Көкшетау, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Ақмола және Жетісу облыстарынан командалар қатысуда.
РКС: Сайысқа 16 команда, 100-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Олардың барлығы өздерінің дайындығын, ақыл-ой күшін және жеңіске деген ұмтылысын көрсету үшін келді. Батыс Қазақстан облысының құрамасының мүшесі Ерлан Негмет шамамен 10 жыл спорттық туризммен айналысып келеді.
СНХ: ЕРЛАН НЕГМЕТ - БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Осы жарысқа келіп атқанымызға уже 4-ші рет болып отыр. Жарыс өте керемет өтеп отыр, өте керемет деңгейде. Үлкен рахмет организаторларға, судьяларға осындай керемет дистанцияларға қойып, осындай жарыс өткізіп атқандарына үлкен рахмет айтамыз. Бұның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау. Бізде теқ қана шаңғы туризм емес, және де жаяу туризм, велотуризм, водный туризм. Барлығында қатысамыз, теқ қана шаңғы емес. Басында біреуін дистанция өттік. Және де оның ең қиын болғаны – подъём, көтерілу. Өйткені біздерде ондай қар жоқ. Өте керемет болды, ең бастысы – қызықты дистанция ол подъем пострадавшего болды.Өте қиын алдық өйткені қардың қөптігіне байланысты. Шаршадық, бірақ керемет болды. Жақсы әсел алдық.
РКС: Жарыс үш жас санаты бойынша өтіп жатыр. 18 жастан асқан ересектер, 15 - тен 18-ге дейін және жасөспірімдер, олар 14 және одан жоғары. Үш қашықтық дайындалған. Жеке-командалық, техникалық жарыстар және кросс-жорық.
СНХ: ӘСЕЛ ШЕВЧЕНКО - ЖАРЫСТЫҢ БАС ХАТШЫСЫ: Біз шаңғы туризмінен Қазақстан чемпионатын алғаш рет өткізіп отырған жоқпыз. Биыл осында бес өңірден қатысушылар келді.Сандықтау ауданында бірінші рет өткізгелі отырмыз. Көптеген жылдар мұнда өткізілген жоқ. Бірақ, қолайлы табиғат болғандықтан, биыл осында өткіземіз деп шештік. Жарыстың мақсаты-Қазақстанның ең мықты командаларын анықтау. Қазақстанда спорттық, оның ішінде шаңғы туризмін насихаттау. Бізде балалардың жаппай спортпен шұғылдануы және спортпен айналысуы үшін жасалып жатыр.
РКС: Айта кетейік, туристік көпсайыс бойынша Чемпионат "Жас дәурен" балалар сауықтыру лагерінің базасында өтуде. Жарыс 22 ақпанға дейін жалғасады.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.