ДИКТОР: Спорт журналистикасының майталманы, тәжірибелі журналист Қалымбек Мұхамеджановтың 70 жылдық мерейтойына орай, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты өнегелі кездесу ұйымдастырды. Шығармашылық кешке мектеп оқушылары мен мұғалімдер, сондай-ақ Қалымбек Мұхамеджановтың жақындары шақырылды.

РКС: Қалымбек Арнашұлы 1955 жылдың 13-інші сәуірінде Айыртау ауданының Сарыбұлақ ауылында дүние есігін ашқан. Алматы қаласында Қаз Му-дың журналистика факультетін бітірген. 13 жасынан бастап, спортқа қызығушылығы пайда болып, бокспен айналыса бастаған. Журналистика саласындағы еңбек жолы сол кездегі Торғай облыстық радиосынан бастап, бірнеше газет-журналдармен бірқатар республикалық арналардың тілшісі ретінде қызмет атқарды. Бұқаралық ақпарат құралдары саласында 40-жылдан аса еңбек етіп келеді. Қазір Қалымбек Мұхамеджанов Көкше телеарнасында шығатын «Олимпке жол» хабарының авторы.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ҚР ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСТІ: Енді бұл кездесу мен үшін өте есте қаларлықтай. Балалық шағым кеше Көкшетау қаласына келгенде алғашқы сәттер бәрі көз алдыма елестеді. Мен өзім мектеп партасында мектептің қабырғасында жүргендей сезіндім, қабырғасында жүрдім ғой бүгін. Бүгінгі өскелі ұрпақтың көзінен нұр көрдім, білімге деген құштарлық көрдім. Олардың алдағы болашаққа деген сенімдерін көрдім. Сол мені жігерлендірді.

РКС:Сыр-сұхбат барысында журналистика саласының майталманы оқушыларға өз өмірі, мамандығы туралы баяндап оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

СНХ: АЙСАНА ҚҰСАЙЫН, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН №3 ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Мен осы Мұхамеджан Қалымбек ағамызбен кездесуде өте жақсы әсерлер алдым. Бұндай кездесулер біздің мектеп оқушыларымызға өте көп түйін ой қалдырып, өз болашағын айқындап, ойластыруға көмектеседі. Осы кездесуде мен өзіме өте жақсы әсер алып, ой түсдім және де өзіме болашаққа деген өте көп ақыл-кеңестер алдым.

СНХ: ЗЕРДЕ МҰРАТБЕК, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН №3 ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Кездесуден мен мол өнеге, тәрбие алдым. Бұл кездесу маған өте жақсы әсерлер қалдырды. Болашақта бұл алғаным менің кәдеме жарары анық және мен осы ағамыз секілді бастауыш сыныптан өлең, тақпақтар шығарамын және болашақта осы ағамыздың жолын қуып, журналист болғанды армандаймын.

РКС: Шығармашылық кешке Қалымбек Арнашұлының үзеңгілес достары да келіп, ол кісімен байланысты қызықты оқиғаларымен бөлісті. Өнегелі кездесу жобасының аясында ұйымдастырылған шығармашылық кеш Абай мектептер желісінің оқу бағдарламасының бір бағыты болып саналады. Бұл мектеп оқушыларына мамандық таңдауда себептігін тигізуде.

СНХ: АНАРГҮЛ ҚҰРМАШЕВА, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН №3 ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Оқушыларымыздың арасынан болашақ журналистер, болашақ ақын-жазушыларды дайындау, егер сондай қабілеті бар балалар болса сол жұмыстың бір бағыты ретінде өңіріміздің белгілі ақын-жазушылар, айтыскер ақындарды шақырамыз өнегелі кездесу жобасы аясында. Осы кездесуден шабыт алып, көп өміріне мотивация алған оқушылар болса, бізге нұр үстіне нұр болады деп ойлаймыз.

РКС: Айта кету керек Қалымбек Мұхаметжанов былтыр «Шапағат» медалімен марапатталды. Жасы 70-ке келсе де, спортты бір сәтке де тастаған емес. Спортты жанына серік еткен ағамыздың еңбек жолы көпке үлгі.

ИНТЕРШУМ:

САБИНА ЖАМШИТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ