ДИКТОР:Көкшетауда «Жұмысшы мамандықтар жылы: жаңа мүмкіндіктерге жол ашу» атты жастар форумы өтті. Мұнда 500-ден астам қатысушы жиналған. Форумда қонақтар интерактивті платформалардың көмегімен түрлі кәсіптерді сынап көріп, әр мамандықтың ерекшелігімен танысты. Тілшіміз Жанар Мұқышева баяндайды.
STAND-UP:ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Жұмысшы мамандық иелеріне қашан да құрмет зор. Олар ел экономикасының негізгі қозғаушы күші. Аталған мамандық түрлеріне жастардың қызығушылығын арттыру, білімді де білікті кадралар даярлау - бүгінгі шараның көздеген мақсаты. Кездесу барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов өңірдің өркендеуіне елеулі үлес қосқан еңбек адамдарын жастарға үлгі етіп, қоғамда еңбекқорлық пен кәсібилік қашан да жоғары бағаланатынын атап өтті. Ол үшін мемлекет тарапынан да кәсіби білім беру мен еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөлініп жатыр-деді ол.
СНХ:МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Еліміздің дамуының тұрақты драйвері ол – жұмысшылар. Өндіріс, өнім болмаса онда біздің қарқынды дамуымыз, жер қойнауындағы байлығымыз барлығы бекер болады. Қазақстан өте бай – жер қойнауында байлық мол. Соны біз дұрыс пайдалануымыз керек. Дұрыс, терең өңдеуіміз керек. Сапалы өнім қылып шығарып, елдің, халықтың игілігіне жаратуымыз қажет. Сонда ғана біз ұлы мемлекет боламыз. Ұлы ел боламыз. Президент осыған міне, қайта-қайта көңіл бөліп, айтып жатыр. Бүгінгі таңда әрбір тәсілдері бар жасалып жатқан. Еңбек адамын мадақтау, марапаттау, отбасы династияларын құрметтеу.
ИНТЕРШУМ:
STAND-UP:ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Форумға өңірдің 10-нан астам жетекші колледжі қатысты. Ауқымды шараға 500-ден астам қатысушы жиылды. Жиын басталмас бұрын оларға интерактивті көрме ұсынылды. Бұл шара IT, робототехника, кондитерлік іс, ветеринария, маркшейдерия секілді еңбек нарығында сұранысқа ие мамандардың даярлау үдерісімен танысуға мүмкіндік берді.
СНХ:ДАНИЯР АҚҚОШҚАРОВ, ШАҒАЛАЛЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгін біз студенттерді оқытуда қолданатын заманауи жабдықты ұсынып отырмыз. Бұл тепловизерлер, дрондар. Біз бұл жабдықты ғылыми жобалар үшін де қолданамыз. Бүгін көрмеге келген оқушылардың схеманы жинауға, жұмыс киімдерін киіп көруге мүмкіндігі бар, сондай-ақ жасанды интеллект көмегімен біз оларды энергетика саласының мамандары ете алатын фотосурет түсіре аламыз. Ал балалар біздің педагогтармен, студенттермен схема құрастырып, өздерін энергетиктер, электромонтерлер ретінде сезіне алатын болады. Бүгінгі таңда бұл мамандық өте сұранысқа ие. Себебі, болашақ техникалық мамандықтардың қолында.
СНХ:ДИДАР ЕСКЕНДІРОВ,СТЕПНОГОРСК ТАУ-КЕН ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Мен маркшейдерия мамандығында оқып жүрмін. 4-курс студентімін. Қазір өндірістік практикада жүре тұра мен өзімді жақсы көрсетіп жұмысқа кіріп алдым. «Алтын-Алмаз» клмпаниясында жұмыс жасаймын. Менің мамандығыма сұраныс өте көп. Менің мамандығым карьерде, шахтада, жол, құрылыста да керек болады. Біздің колледжде бізді тек заманауи аппараттар мен приборлармен үйретеді. Өзіме ұнайды, жалақысы жақсы.
STAND-UP:ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ:Сондай-ақ форум барысында цифрландыру дәуіріндегі жұмысшы мамандықтарының болашағы, кәсіби білімді қазіргі еңбек нарығына бейімдеуге қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Қатысушылар өз еңбек жолындағы тәжірибелерімен бөлісіп, өндірісте өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерімен бөлісті. Айта кетейік, форум екі күнге ұласады.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ