ДИКТОР: Сән саласы,соның ішінде маникюрды жасату қыз-келіншектерге тән болса, ал осы әсемдікті жасаушы да негізінен нәзік жандылар. Ал дәл осындай қызметті өзінің жеке кәсіп көзіне айналдырған ер азамат жоқтың қасы. Бірақ Көкшетауда дәл осы салада еңбек етіп, қызметін дөңгелетіп отырған жігіт бар. Тілшіміз Нұрсәуле Мұрат жүздесіп қайтты.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Кейіпкеріміз Максим Урбанов Көкшетау қаласында дүниеге келген. Тырнақ күтімін жасап, нәзік жандыларға жақсы көңіл-күймен қатар, сән сыйлауға арланбайды. Адал еңбегімен тырнақ әрлеуші кәсіби шебер атанған Максимнің мамандығы мүлдем басқа. 9-шы сыныптан кейін Көкшетау жоғары техникалық колледжіне оқуға түсіп, техник-механик мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмаған соң, анасының тырнағын әрлеп көреді. Бірте-бірте осы салаға қызығушылық танытқан.
СНХ: МАКСИМ УРБАНОВ, МАНИКЮР МАМАНЫ: Мен бір жарым жыл бұрын осы жұмысты бастадым. Бір тапжылмай отырып істей беретін жұмыс. Күрделі ештеңесі жоқ.+скл+Кейін Мәскеуде жұмыс істедім, тәжірибе жинап қайттым. Алғашқы кезде жұмыс барысында шағымдар болды. Негізінен маусымдық жұмыс деуге болады. Мысалы қазан айында тым-тырыс. Жазда бізге тыным жоқ. Бұл жұмыстың ерекшелігі адамдарға байланысты. Қалай болғанда да бәрінің көңілін табу керек. Басында достарым мені мазақ қылатын. Алғашында бәріне біртүрлі болып көрінді. Кейін көздері үйренді.
СНХ: ЕВГЕНИЯ УРБАНОВА, АНАСЫ: Мен де тырнақ жасау шеберімін, 15 жыл еңбек өтілім бар. Бірде ұлым менен ақша сұрады, мен әзілдеп, менің тырнағымды әрлесең, ақша беремін дедім. Ол еш ойланбастан келісе кетті. Осылайша қызығушылық еңбекке жетеледі. Қазір менен артық жасайды. Клиенттер риза. Басында күмәнданатын,өзім де әйел затымын ғой. Ер адамға тырнақ жасата қояр ма екен деген ойлар да болды.
РКС: Ер адамға тән еңбек болмаса да, әйелдерден кем емес тырнақ күтімінің түр-түрін жасайды. Тырнақ әрлеуші жігіттің өзінің әрдайым келіп тұратын клиенттері бар.
СНХ: КСЕНИЯ ЕВТИНА, ТЫРНАҚ ЖАСАТУШЫ: Максимге көптен бері келемін. Маусымға байланысты бір-бір жарым айда бір келіп тұрамын. Жасаған жұмысы ұнайды, өте жақсы жігіт. Бәрін реңді әрі ұқыпты жасайды. Еш шағымым жоқ. Көңілімнен шығады. Максимнен басқа маманға барғым да келмейді.
РКС: Қолы қалт еткенде кигбоксингпен айналысады. Ал әкесі осыдан 4 жыл бұрын пандемия кезінде қайтыс болған. 19 жасынан бастап анасының көмекшісі және асыраушысы ретінде еңбек етіп келеді. Адал еңбектің наны қашан да тәтті.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ,КӨКШЕ АҚПАРАТ