ДИКТОР: Полицейлер "Жас сақшы" арнайы сынып оқушылары үшін патриоттық сағат ұйымдастырды. Болашақ құқық қорғаушылар қазақстандық ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасымен және полиция департаментінің қызметкерлерімен кездесті. Тәртіп сақшылары Дубайда өткен SWAT Challenge 2025 халықаралық турнирінде Қазақстан құрама командаларының сапында өнер көрсетті.
РКС: Көкшетаудағы №11 мектеп-гимназиясында өткен жылдан бастап " құқық қорғау бағытындағы Жас сақшы" сыныптары жұмыс істейді. Жалпы мектептік пәндермен қатар жас полицейлер үшін әскери және атыс даярлығы бойынша арнайы сабақтар, патриоттық сағаттар мен батылдық сабақтары өткізіледі. Облысқа сапар аясында қазақстандық ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков мектепке барып, оқушылармен кездесті. Қызмет бабы жайлы естеліктерімен бөлісті. Өз елінің нағыз патриотының бойында қандай қасиеттер болуы керектігін айтты. Сондай-ақ балаларды жақсы оқуға және болашақта құқық қорғау органдарының қатарын толықтыруға шақырды.
СНХ: ӨМІРЗАҚ БОЛСАМБЕКОВ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ МЕН ҰЛТТЫҚ ҰЛАН АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Жас сарбаздармен кездесіп, олардың алға қойған мақсаттарын, елімізде тәртіп жөнінде, өздерінің болашақта қай саланы тандайтыны мақсатында кездесіп, соларды тындап, өте риза болып жатырмыз. Тілегім енді осы құрылған 11 мектептің жас сарбаздары болашақтары мол болып, дендері сау болып, еліміздің бір мықты азаматтары болып, әділ азамат болып тәрбилеуіне тілегімді беремін.
РКС: Сондай-ақ, SWAT Challenge халықаралық жарыстарының қатысушылары Борис Грасько мен Анар Төкенова да оқушылармен кездесті. Ақмола полицейлері дене шынықтыру және атыс дайындығының жоғары деңгейін, жеңіске деген ерік – жігер мен командалық рухты көрсетті. Осы қасиеттер жарыста лайықты өнер көрсетуге және жүлделі орындарға ие болуға мүмкіндік берді. Анар Төкенова "Томирис" әйелдер командасының құрамында сайысып, ортақ жеңіске зор үлес қосты. Оқушыларға балаларды шабыттандыратын қойылымдардан шағын бейнероликтер көрсетілді.
СНХ: АНАР ТӨКЕНОВА, ҚР ІІМ "ТОМИРИС" ӘЙЕЛДЕР КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Қызметіміз, тәжірибелеріміз туралы айттық. Ең бастысы кез келген істе тәртіп қажет. Балаларға осыны баса айттық. Болашақта еліміздің қорғаны болу үшін сабақты жақсы оқу керек дедік.
СНХ: МАДИЯР ИСЛАМБЕК, ОҚУШЫ: Маған "Жас сақшы" сыныбында оқыған ұнайды. Болашақта, мектепті бітірген соң полиция қызметкері болып жұмыс істеу үшін ішкі істер министрлігінің Академиясына оқуға түскім келеді.
РКС: Кездесу соңында Департаменттің вокалдық тобы "Жас сақшы" оқушыларымен бірге музыкалық композиция орындап, естелік фотосуретке түсті.
ЖҰЛДЫЗ МЕЙРАМБЕКҚЫЗЫ, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.