ДИКТОР: Бата - қазақтың темірқазығы, рухани азығы. Бата - әдебиет пен мәдениеттің діңгегі. Жақын жандарға жүректен шыққан шын лебіз бен ыстық ықылас осы батаға негізделеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы қарсаңында облыстық Аналар кеңесінің «Ақ тілек - 30 жұпқа бақыт сыйла» жобасы аясында бата беру салты көрсетілді.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Ақ орамал таққан аналар Салтанат сарайына арнайы шақырумен келген жас жұбайларға бақ тілеп, ақ бата берді. Ондағы әр сөздің орындалатынына сеніммен қарап оған шүбә келтірмеген халықтың ұрпағымыз. Бата жасалған жерде жұртшылық жақсылыққа сеніп, ынтымақ, береке болады деп ырымдайды.
СНХ: ЖҰПАР МҰҚЫТОВА, ЗЕЙНЕТКЕР ӘЖЕ: Қазақ той болсын, қайғылы жағдай болсын, бәрі сол батамен ұштасып жатады. Бата негізінде түр-түрлері өте көп. Бата оң бата дейді, менің айтқан баталарым түрлері оң батаға жатады. Теріс бата дегенде болады. Теріс бата көңілі қалып, бір адамға не баласына өте ауыр психологиялық тұрғыдан өте ауыр тиетін батаның түрі. Сондықтан әр жас, әр адам, қыз болсын, ұл болсын әке-шешесінен, үлкендерден оң бата алып, жақсылық істеуге тырысуы керек.
РКС: Бір сөзбен айтқанда бата қасиет, бата өсиет. Батаның мазмұны қазақ қоғамында алғыс пен қарғысты да, тілек пен дұғаны да, ризашылық пен ренішті де қамтиды. Сол арқылы халықты бір нәрседен тыйып, бір нәрсеге бағыттап отыратын әмбебап ұғым.
СНХ: АҚМАНАТ ӘЛІМБЕТОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ол бата дегеніміз біздің енді қазақ халқының ауыз әдебиетінің бір түрі ғой. Батаны үлкен адамдар өзінің жаңағы жастарға жол ашылуы үшін жаңа құрған отбасыға өнеге тәрбие ретінде батасын береді.Жақсы отбасы болыңдар , босағаларың кең болсын , босаларың берік болсын, шаңырақтарың биік болсын.Негізі бата көбінесе біз жаңағы бата алайық деп жақсы бір қадамға бағытталған кезде бір үлкен жолға шығар кезде үлкендерді жинап бата береді. Негізі қазақта айтады ғой жақсы сөз жарым ырыс деп.
РКС: Батагөй қариялар ел арасындағы жақсы істің жүзеге асуына рухани демеу болып, жаман істің алдын алып, бағыт – бағдар беріп, тәрбиелеп отырған. Батаның адам санасына әсер ететін үлкен күші бар. Қазақ бата берген адамға бата сыйын жасаған. Яғни, бата берген адамға рахмет айтылып, мата немесе мал түрінде сыйлық берген. Бүгінде сол салтымыз жалғасын тауып отыр.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.