ДИКТОР: Көкшетау қаласындағы Жақия қажы мешітінің жанынан құран жаттау және діни сауаттылық орталығы ашылды. 2022 жылы құрылысы басталған орталық өткен жылдың соңында аяқталған. Игі шараға Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты. Бас мүфти ғимараттың салынуына үлес қосқан азаматтарға ризашылығын білдірді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Орталықтың ашылу салтанатына қатысқан Наурызбай қажы Тағанұлы соңғы жылдары көптеп бой көтеріп жатқан зәулім мешіттер мен медреселердің қоғам үшін пайдасы зор екенін атап өтті. Құранды жаттаған, оған амал еткен ұрпақ Отанына опасыздық жасамайды. Біз – қариын қадірлеген, оған құрмет көрсеткен халықпыз»-деді бас мүфти.

СНХ: НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ, ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Қоғамға өзіндік пайдасын тигізетін азаматтардың тәрбиеленуі. Пайғамбарымыз айтады, өзіңе нені жақсы көрсең, өзгеге соны жақсы көрмейінше толық мұсылман бола алмайсың дейді. Осындай көркем мінезді, жақсы тәрбиені алла қаласа осында оқитын біздің жамағатымыз, жастарымыз, үлкендеріміз бәріне бірдей қызмет ететін болады. Көкше жұртына, осы біздің сауат ашу курсы ғимаратына қол ұшын берген әрбір азаматтарға алла разы болсын. Мінеки Көкше жұрты бүгінгі күнде сонау Науан хазіреттің, Жақия қажылардың кезінде елге жасаған еңбегін қазіргі кезде жалғастырып жатыр.Баршасына алла тағала разы болсын!

РКС: Жүрегі тазалық пен адамгершілік ниетке толы арлы азамат пен адал болашақ ұрпақты тәрбиелеу әр отбасының міндеті. Интеллектуалды ұлт қалып¬тас¬тыру елдің дамуына үлкен өзгеріс әкелетіні белгілі. Сон¬дық¬тан жастар тәрбиесіне қатты көңіл бөлуіміз керек. Әрбір жас ең жақ¬сы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Айта кетейік, үш қабатты медреседе балаларды дамыту орталығы, тігін курстары мен дәстүрлі спорт түрлеріне арналған зал, ер балалар мен қыздарға арналған оқу бөлмелері бар. Сондай-ақ жатақхана, кітапхана мен тәрбиеші бөлмелері және құран жаттауға арналған зал орналасқан.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ,ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ