ДИКТОР: Көкшетауда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Бала ақын – жас дарын» атты аймақтық оқушылар айтысы өтті. «Ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан халқымыздың киелі өнерін құрметтеп, жаңғырту, оны кейінгі жас ұрпақтың санасына сіңіру басты мақсат. Абай айтыс өнерінің дамуына тікелей ықпал етті. Айтыс өнеріне тән негізгі белгі суырыпсалмалық өнер болса, Абайдың жас кезіндегі өлеңдері нағыз суырып салып айтқан дүниелер.
РКС: Тұнба бұлақтай мөлдір өнерді жас көрерменге жеткізіп, табиғи дарынымен, өзінің ақындығымен Көкшетаудың асқарын аспандатып, айтыс өнерін кеңінен насихаттап жүрген жасөспірім айтыскерлердің өз айтарлары бар. Аймақтық айтысқа Астана қаласынан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарынан 14-18 жас аралығындағы ақындар бақтарын сынап, өнерлерін ортаға салды.
СНХ: ОЛЖАС БОРАНБАЙҰЛЫ, «ҚАЗАҚ ТІЛІ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ» ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Оқушылар айтысы дәстүрге айналып 6-7 жыл көлемінде өтіп жатыр.балаларда, оқушылар да, жас ақындар да асыға күтеді. Әрине, міне айтыс деген қазақтың төл өнері. Атадан балаға мирас болып қалған төл өнерді осы жұртқа,елге насихаттап паш ету басты мақсатымыз. Енді міне, биылғы айтыстың ерекшелігі айтыс, аймақтық айтыс болып жоспарланып отыр. Целиноград ауданынан 2 жас ақынды әкеліп отырмыз. Айтыстың қазақ үшін маңызы зор. Өскелең ұрпақты осы өзіміздің төл өнерімізді ұмытпасын, келешек ұрпаққа жалғастырсын деген үлкен сеніммен, үлкен үмітпен келіп отырмыз.
СНХ: НҰРМҰХАМЕТ БАЙСҮГІР, ЖЕТЕКШІ /ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ/: Жалпы оқушылар арасындағы айтыс соңғы уақытта көп өткізіліп жатыр. Ол да дұрыс та деп есептеймін. Өйткені өзімізде осы оқушы кезімізде қаншама Жамбыл атындағы республикалық додаға қатысып, шыңдалып, сахнаға төселіп дегендей қазір соның пайдасын көріп жатырмыз.Қазір білесіздер, оқушылар арасындағы «Қола домбыра» деген айтыс бастау алды. Одан кейін жастар арасындағы «Күміс домбыра» деген, одан кейін үлкендер арасындағы, тіс қаққандар арасындағы жыл сайын, жылдың қорытындысы ретінде Астана қаласында өтетін «Алтын домбыра» айтысы.
РКС: Осымен 9-шы рет өткізіліп отырған айтыс соңғы 2-жыл аймақтық деңгейде өтіп келеді. Көкшетау аспанын әсем жыр шумақтарымен торлаған, бала жырдың дүбірлі айтысты жанына серік еткен көрерменнің есінде қалары анық. Тәтті қағытпа қалжың да айтыстың шырайын аша түсті.
НТЕРШУМ:
СНХ: НҰРИСЛАМ РАҒАТ, ЖАС АҚЫН /ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ/: Бала жастан осы айтыс өнеріне қызығып, 8 жасымнан бастап осы айтыс өнерінде жүрмін. Бүгін, міне, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған мерейтойына аймақтық оқушылар айтысына қадам басып келіп отырмын. Бүкіл келген ақындарға сәттілік тілеймін. Мен сонау киелі топырақтан, Торғай елінен келіп отырмын.
СНХ: АБДУРАХМАН ЖАНБОЛАТ, ЖАС АҚЫН /ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ/: Айтысқа алғаш рет табан тіреп отырған ақын боламын. Енді бұл айтысқа бірінші рет келгеннен кейін әрине қобалжу болады. Бірақ, қобалжуымды жеңіп, құдай қаласа алғашқы айтысымда жүлдегер боламын деген ойдамын
РКС: Айтыс қорытындысы бойынша бас жүлде Қостанай облысынан келген Нұрислам Рағатқа бұйырды, ерейментаулық Сәттібек Серікболат 1-орынға ие болса, 2-орынға Бұланды ауданынан келген Сырым Қызырбек лайық деп танылды. 3-орын бұландылық Нұрғиса Елештің еншісінде. Барлық өнерпаздарға ақшалай сыйлық сертификаттары табысталды.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ